"2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 586 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан  Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

     2012 жылғы 7 маусымда Астанада жасалған 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан  Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан  Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің № 2-қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Шекараны кесіп өту орындарының тізбесі мынадай шекараны кесіп өту орындарымен толықтырылсын:

      Қазақстан Республикасы         Ресей Федерациясы

      Қостанай облысы               Қорған облысы

      Меңдіқара ауданы   Көктерек      - Целинный  Целинный ауданы

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Жамбыл ауданы Айымжан           - Неверовское Макушин ауданы

                                        Омбы облысы 

      Уәлиханов ауданы Үлкен Қараой  - Никополь  Полтава ауданы 

      Павлодар облысы

      Ертіс ауданы   Ертіс          - Қараман  Нововаршав ауданы

      Ақтөбе облысы                  Орынбор облысы

      Қобда ауданы Жиренқопа         - Первомайское Соль-Илецк ауданы
      Әйтеке би ауданы  Әйтеке би     - Союзное Яснен ауданы

      Батыс Қазақстан облысы         Саратов облысы

      Қазталов ауданы Қазталов       - Фомин Александров-Гай ауданы

      2) Шекараны кесіп өту орындарының тізбесінен мынадай шекараны кесіп өту орындары алып тасталсын:

      Қазақстан Республикасы          Ресей Федерациясы

      Шығыс Қазақстан облысы          Алтай өлкесі

      Бородулиха ауданы  Коростели    - Наумовка  Углов ауданы
      Бородулиха ауданы  Буркотово    - Золотуха  Локтев ауданы
      Шемонаиха ауданы   Красная      - Михайловка Третьяков ауданы
                         Шемонаиха

      Павлодар облысы

      Успен ауданы Екатеринославка    - Михайловка    Бөрілі ауданы
      Успен ауданы Галицкое           - Новоандреевка Бөрілі ауданы

      Солтүстік Қазақстан облысы      Түмен облысы

      М. Жұмабаев     Суворовка       - Красивое      Сладков ауданы
      атындағы аудан

2-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру мен қолдану кезінде туындайтын Тараптар арасындағы келіспеушіліктер өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
      Тараптардың бірінде бірлесіп шешуді талап ететін мәселелер туындаған кезде осы Тарап келіссөздер басталғанға дейін кемінде 30 күн бұрын бұл туралы екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлайды.

3-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылуымен бір мезгілде өз қолданысын тоқтатады.

      2012 жылғы « 7 » маусымда Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының          Ресей Федерациясының
           Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады