Қорғаныс мұқтажы үшін жер учаскелерін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 маусымдағы № 638 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13120-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 5,3195 гектар жер учаскелері Қарағанды облысының елді мекендері жерінің санатынан қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелеріне берілсін.
      2. Қарағанды облысының әкімі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 20 маусымдағы
№ 638 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік
мекемелеріне тұрақты жер пайдалану құқығымен берілетін жер
учаскелерінің экспликациясы

Р/с

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің орналасқан жері

1

2

3

4

5

1

«Қарағанды облысы Абай ауданының Қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесі

0,0266

Объектіге қызмет көрсету үшін (шақыру пунктінің ғимараты)

Қарағанды облысы, Абай қаласы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы көшесі, 24

2

«Қарағанды облысы Абай ауданының Қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесі

0,2393

Объектіге қызмет көрсету үшін (ғимарат, гараж)

Қарағанды облысы, Абай қаласы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы көшесі, 22

3

«Қарағанды аудандық пайдалану бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3,9954

Мүліктік кешенді пайдалану үшін

Қарағанды облысы, Саран қаласы, Ақтас кенті, Кржижанский көшесі, 6

4

«Қарағанды аудандық пайдалану бөлімі» мемлекеттік мекемесі

0,1838

Қолданыстағы тұрғын үйді пайдалану үшін

Қарағанды облысы, Саран қаласы, Ж. Қожанов көшесі, 21

5

«Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Қорғаныс істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі

0,5670

Объектіге қызмет көрсету үшін (ғимарат, гараж)

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Әміралин көшесі, 26

6

«Қарағанды облысы Саран қаласының Қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесі

0,3074

Объектіге қызмет көрсету үшін (ғимарат, көліктерге арналған бокстар)

Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 26

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады