Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшiн жер учаскелерін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 640 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3) тармақшасына және 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ақтөбе аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемеcіне және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2030 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне елді мекен жерлері санатынан қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында жер учаскелері берілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2030 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған алаңы 0,04 гектар жайылым түріндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     C. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 640 қаулысына    
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ақтөбе аудандық
пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Ақтөбе
және Жем қалаларының елді мекен жерлері санатынан тұрақты жер
пайдалану құқығында берілетін жер учаскелерінің
экспликациясы

Р/с

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы алаңы, гектар

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

1

2

3

4

1.

Ақтөбе қаласы, Т. Рысқұлов көшесі, 192 үй

4,5324

Әскери госпиталь орналастыру және қызмет көрсету үшін

2.

Ақтөбе қаласы, Ә. Молдағұлова даңғылы, 39-А үй

20,3679

Әуе қорғаныс күштері әскери институтының орталық базасының ғимараттарын және құрылыстарын орналастыру және қызмет көрсету үшін

3.

Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 290 үй

0,5650

Әуе қорғаныс күштері әскери институтының № 4 жатақханасын орналастыру үшін

4.

Ақтөбе қаласы, Авиақалашық ауданы 30 «Г» үй

1,1859

№ 32881 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығының әкімшілік және оқу корпусын орналастыру және қызмет көрсету үшін

5.

Ақтөбе қаласы, Авиақалашық ауданы 30 «В» үй

0,2100

Әуе қорғаныс күштері әскери институтының оқу-жаттығу орталығының жаттығу корпусын орналастыру және қызмет көрсету үшін

6.

Ақтөбе қаласы, Бөкенбай батыр көшесі, 38 үй

40,2261

Әуе қорғаныс күштері әскери институтының ұшақтар тұрағын орналастыру және қызмет көрсету үшін

7.

Ақтөбе қаласы, 41 разъезд, Әлжан станциясы

5,6453

Қойма үй-жайларын орналастыру және қызмет көрсету үшін

8.

Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 36 «Г» үй

4,7069

Әуе қорғаныс күштері әскери институтының өрт сөндіру депосын орналастыру және қызмет көрсету үшін

9.

Мұғалжар ауданы, Жем қаласы, Әйтеке би көшесі, 505 үй

0,6333

Көп қабатты тұрғын үйді орналастыру және қызмет көрсету үшін

Барлығы:

78,0728


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 640 қаулысына    
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара
қызметі «2030 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Ақтөбе
облысы Мәртөк ауданы Жайсан ауылының елді мекен жерлері
санатынан тұрақты жер пайдалану құқығында берілетін жер
учаскесінің экспликациясы

Р/с

Жер учаскесі қандай жер санатынан беріледі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде:

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

жайылым

басқа

1

2

3

4

5

6

7

1.

Мәртөк ауданы, Жайсан ауыл елді мекен жері

Мәртөк ауданы, Жайсан ауылы

0,0400

0,0400

-

металдан жасалған бақылау мұнарасын орнату үшін


Барлығы:


0,0400

0,0400

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады