Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 713 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

«Электр энергиясын пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 713 қаулысына
баспасөз-релизі

      «Электр энергиясын пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 713 қаулысы (бұдан әрі -Қаулы) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4-бабының 33) тармақшасына және 5-бабының 27) тармақшасына байланысты және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 128-ө Өкімін іске асыру мақсатында әзірленген.
      Қаулының мақсаты Электр энергиясын пайдалану қағидасын бекіту болып табылады. Қағида электр энергиясын пайдалану тәртібін айқындайды.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз