Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 716 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 274 қаулысымен

«Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың
кейбір мәселслері туралы» Қазқстан Республикасы Үкіметінің 2013
жылғы 10 шілдедегі № 716 қаулысына баспасөз-хабарламасы

      «Лицензнялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтың 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 167-ө өкімінің 50 тармағына сәйкес «Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 716 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) әзірленген және атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік тапаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі белгіленді.
      2013 жылғы 3 қазанда Қаулы қолданысқа енгізуіне байланысты «Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияланатын қызмет турлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 және «Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияланатың қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылгы 19 наурыздағы № 270 қаулысына езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 610 қаулыларының күші жойылды.
      Қаулы қабылдау республикалык және жергілікті бюджепен қосымша шығындарды талан етпейді. Қаулы жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюына және (немесе) ұлғаюына әкелмейді.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз