"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 749 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 165-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 18 және 19-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 23-1 және 23-2-жолдармен толықтырылсын:

      «

23-1

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

ЖС
(келісім бойынша)

Сәуір

Шілде

Тамыз

Е.Н. Әбдіқадыров

23-2

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі оңайлату, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖС
(келісім бойынша)

Сәуір

Шілде

Тамыз

Е.Н. Әбдіқадыров

                                                                   ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады