"Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын және "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамына кредит беру шарттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1502 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 770 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын және «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамына кредит беру шарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1502 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын және «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» және «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамдарына кредит беру шарттарын айқындау туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) мынадай:
      1) кейіннен «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «ҚазЭкспортГарант» СК» АҚ) кредит беру үшін 051 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 952669200 (тоғыз жүз елу екі миллион алты жүз алпыс тоғыз мың екі жүз) теңге;
      2) кейіннен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) кредит беру үшін 051 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 5 047 330 800 (бес миллиард қырық жеті миллион үш жүз отыз мың сегіз жүз) теңге сомада бюджеттік кредит берілсін.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ға кредит беру үшін қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:
      1) кредит берудің мақсаты «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының экспорттық жеткізілімдерін лизингтік қаржыландыру жолымен қазақстандық локомотивтердің экспортын ынталандыру болып табылады;
      2) кредит мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шартымен 10 (он) жыл мерзімге, жылдық 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) пайызға тең сыйақы ставкасы бойынша беріледі;
      3) Қарыз алушы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ға кредит бергеннен кейін кредит «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы «БРК-Лизинг» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «БРК-Лизинг» АҚ) беріледі;
      4) «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ үшін сыйақы ставкасы жылдық
0,6 (нөл бүтін оннан алты) пайыздан аспауы тиіс;
      5) «БРК-Лизинг» АҚ кредит беру үшін сыйақы ставкасы жылдық 0,8 (нөл бүтін оннан сегіз) пайыздан аспауы тиіс;
      6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеу және алынған лизингтік төлемдер есебінен «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының экспорттық жеткізілімдерін қайта қаржыландыру мүмкіндігімен осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнің соңында бір мезгілде жүзеге асырады;
      7) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жартыжылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғашқы төлеу
кредиттік шартқа тиісті қосымша келісім жасалған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі;
      8) қарыз алушы үшін игеру кезеңі кредит қарыз алушының шотына аударылған күннен бастап 3 (үш) жылды құрайды.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Кредитор мен әкімші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 3-тармағында көрсетілген кредиттік шартқа тиісті қосымша келісім жасауды қамтамасыз етсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады