Қорғаныс мұқтажы үшiн жер учаскесін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 776 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылының елді мекендерінің жері санатынан жалпы ауданы 0,1390 гектар жер учаскесі берілсін.
      2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 тамыздағы
№ 776 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Шығыс Қазақстан
облысы Күршім ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану
құқығында берілетін жер учаскесінің экспликациясы

Р/с

Берілетін жер учаскесінің жер санаты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы ауданы, гектар

Оның ішінде:

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

ауыл шаруашылығы алқаптары (жайылым)

басқа

1

2

3

4

5

6

7

1.

Күршім ауылы елді мекендерінің жері

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы

0,1390

-

0,1390

Әкімшілік ғимаратты орналастыру және пайдалану үшін


Барлығы:

0,1390

-

0,1390


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады