"Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 787 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 243-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
      002 «Пайдалану құқығы мұнай-газ жобалары жөніндегі мердігерлерге берілуге тиіс мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2013» деген бағанда:
      «Пайдалану құқығы мұнай-газ жобалары бойынша мердігерлерге берілуге тиіс мемлекеттік мүлікке бухгалтерлік есеп жүргізу» деген жолдағы «29764» деген сандар «115882» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Капиталмұнайгаз» мемлекеттік мекемесінің балансында есепке алынған мемлекеттік мүлікті түгендеу 01.01.2013 ж.» деген жолдағы «33» деген сандар «100» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Мемлекеттік мүлікті бағалауды өткізуге арналған шығын» деген жол «86118» деген сандармен толықтырылсын;
      «Бюджеттік бағдарламаның бюджеттік шығыстарының көлемі» деген жолдағы «29764» деген сандар «115882» деген сандармен ауыстырылсын;
      006 «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібінің нормативтік-техникалық базасын жетілдіру» деген бюджеттік бағдарламада:
      бюджеттік бағдарламаның іс-шараларында:
      мынадай мазмұндағы 6-1-жолмен толықтырылсын:

      «

6-1. Авиациялық отынды сынау әдістеріне арналған ұлттық стандарттарды әзірлеу






71592



                                                                   »;

      бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
      мына:

      «

Газ саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік стандарттарды әзірлеу




15





                                                                    »

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

Авиациялық отынды сынау әдістеріне арналған ұлттық стандарттарды әзірлеу

саны





32



                                                                   »;

      бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінде:
      мына:

      «

Кеден одағының техникалық регламенттердін қолдау үшін






36,6

31,7

31,7

                                                                    »

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

авиациялық отынды сынау әдістеріне

%





100



                                                                   »;

      бюджеттік бағдарламаның тиімділік көрсеткіштерінде:
      мына:

      «

Газ саласында 1 нормативтік-құқықтық құжатты, оның ішінде стандартты әзірлеудің орташа құны




1500





                                                                    »

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

Авиациялық отынды сынау әдістеріне арналған ұлттық стандарттарды әзірлеудің орташа құны






2237



                                                                   »;

      «2013» деген бағанда «Бюджеттік бағдарламаның бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «37500» деген сандар «109092» деген сандармен ауыстырылсын;
      024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2013» деген бағанда:
      «Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру» деген жолдағы «13512526» деген сандар «15584426» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Аяқталған инвестициялық жобалар бойынша орындалатын жұмыстардың көлемі» деген жолдағы «46,0» деген сандар «40» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жалғастырылатын инвестициялық жобалар бойынша орындалатын жұмыстардың көлемі» деген жолдағы «54,0» деген сандар «60» деген сандармен ауыстырылсын;
      бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінде:
      «Салынған газ құбырларының ұзындығы» деген жолдағы «518» деген сандар «534» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік бағдарламаның бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «13512526» деген сандар «15584426» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстар жиынтығы» деген кіші бөлімде:
      «2013» деген бағанда:
      «Бюджеттік шығыстардың барлығы» деген жолдағы «14898522» деген сандар «17128132» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «1060889» деген сандар «1218599» деген сандармен ауыстырылсын;
      002 «Пайдалану құқығы мұнай-газ жобалары жөніндегі мердігерлерге берілуге тиіс мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету» деген жолдағы «29764» деген сандар «115882» деген сандармен ауыстырылсын;
      006 «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібінің нормативтік-техникалық базасын жетілдіру» деген жолдағы «37500» деген сандар «109092» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолдағы «13837633» деген сандар «15909533» деген сандармен ауыстырылсын;
      024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген жолдағы «13512526» деген сандар «15584426» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады