Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 869 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 қаулысымен

«Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27тамыздағы № 869 қаулысына баспасөз-релизі

      «Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 869 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4-бабының 32) тармақшасына және 5-бабының 40) тармақшасына байланысты және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тексерiлетiн субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құзыреттерiн қайта қарау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегi № 128-ө Өкiмiн іске асыру мақсатында әзірленген. Қаулы алғашқы ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қағидаларжылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу тәртібін айқындайды.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды жәнетеріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз