"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 870 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 248-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «7. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде:
      «7.1. Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
      006 «Үкiметаралық келiсiм аясында агент банктерге бюджеттiк кредиттердi өтеу бойынша қызметтердi төлеу» деген бюджеттік бағдарламада:
      «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанындағы «11 589» деген сандар «11 282» деген сандармен ауыстырылсын;
      011 «Нысаналы ғарыш жүйелерiн, технологияларды құру және пайдалану үшiн «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» деген бюджеттік бағдарламада:
      «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанындағы «2 859 479» деген сандар «8 000 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «7.2. Бюджеттік шығындар жинағы» деген кіші бөлімде:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «бюджеттік шығындардың барлығы:» деген жолдағы «24 370 999» деген сандар «29 511 213» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар» деген жолдағы «3 068 275» деген сандар «3 067 968» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттiк даму бағдарламалары» деген жолдағы «21 302 724» деген сандар «26 443 245» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады