"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 29 тамыздағы № 900 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 165-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 15-3 және 27-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-1-жолмен толықтырылсын:

      «

43-1.

Бiтiмгершiлiк қызмет туралы

Қорғаныс минi

мамыр

қыркүйек

қазан

И.Л. Ақпомбаев

                                                              »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 46-2-1-жолмен толықтырылсын:

      «

46-2-1.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы барлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Сырбар» CБҚ (келісім бойынша)

наурыз

сәуір

қараша

Ғ.Ж. Байжанов

                                                               ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады