Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 32-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 46-3-жолмен толықтырылсын:
«
46-3 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының және тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін декларациялауы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қаржымині |
Мамыр |
Қазан |
Желтоқсан |
Р.Е.Дәленов |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов