Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы" 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 және "50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын (50 + бастамасы) бекіту туралы" 2013 жылғы 14 мамырдағы № 478 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 1065 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 165-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 51-жол алынып тасталсын;
      2) «50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын (50 + бастамасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 478 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарында (50 + бастамасы):
      реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады