Көкшетау қаласының әуежайына әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге рұқсат ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 қазандағы № 1119 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 57) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкшетау қаласының әуежайына әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады