Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1289 қаулысы

      «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған шаралар кешені (бұдан әрі – шаралар кешені) бекітілсін.
      2. Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстардың әкімдеріне (бұдан әрі – шекара маңындағы облыстардың әкімдері):
      1) Шаралар кешенінің әрбір бағытының шеңберінде іске асырылуға тиіс нақты жобаларды енгізе отырып, облыстың шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) әзірлесін және олардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) Іс-шаралар жоспарларын мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісуді қамтамасыз етсін.
      3. Мүдделі орталық атқарушы органдар және шекара маңындағы облыстардың әкімдері жылдың қорытындысы бойынша жыл сайын, 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгiне шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгi шаралар кешенінің орындалуын үйлестіруді және жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 ақпанына Қазақстан Республикасының Үкiметiне оның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 1289 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту
жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған
шаралар кешені

      Ескерту. Кешенге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42 қаулысымен.

Р/с

Iс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзiмi

1

2

3

4

5

Шекара маңындағы аудандардың экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту

1

Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, энергетика және басқа да салаларға инвестициялар тарту мақсатында көршілес елдер өңірлерінің арасында өзара тиімді келісімдер жасауды қамтамасыз ету

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ИЖТМ, ККМ, СІМ, КҰП (келісім бойынша)

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

2

Шекара маңындағы аудандарда бар пайдалы қазбалардың кен орындарын айналымға қосу бойынша шаралар қабылдау, инвесторларды тарту үшін тоқтап тұрған кәсіпорындар инфрақұрылымының әлеуетін пайдалану

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ИЖТМ, МГМ, КҰП (келісім бойынша)

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

3

Шекара маңындағы өңірлерде жер, су және орман ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында, оның ішінде көршілес мемлекеттермен ынтымақтастықтың нәтижесінде ауыл және орман шаруашылығында озық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, АШМ, ҚОСРМ, КҰП (келісім бойынша)

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

4

Өңірлердегі пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді (шабындықтар, жайылымдар, шалғындар, көп жылғы егістіктер, бос жатқан жерлер) айналымға қосу бойынша шаралар қабылдау

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, АШМ

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

5

Ауылшаруашылығы өнімін өндіру, өңдеу және сақтау бойынша мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласында заманауи технологияларды пайдалана отырып, нақты жобаларды іске асыру бойынша шаралар қабылдау

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, АШМ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

6

Көршілес мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарындағы нақты инвестициялық жобалардың іске асырылуына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

7

Мемлекет басшысының шекаралық ынтымақтастықтың жыл сайынғы форумдарындағы баяндамаларына қосу үшін бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жыл сайын ақпарат беру

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

8

Шағын және орта бизнесті, оның ішінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудағы қолданыстағы бағдарламалардың құралдарын пайдалану, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, шағын кредит беруді кеңейту, кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын құру және инвестициялық тартымдылық арқылы дамыту бойынша шаралар қабылдау

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, КҰП (келісім бойынша)

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

Шекара маңындағы аудандардың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту

9

Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қолданыстағы көліктік және транзиттік дәліздер арқылы жолаушылар және жүк тасқынын ұлғайту бойынша шаралар қабылдау

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ККМ, Қаржымині, ҰҚК ШҚ (келісім бойынша), КҰП (келісім бойынша)

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

10

Шекара маңындағы аудандарда жолдарды реконструкциялауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ККМ, КҰП (келісім бойынша)

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

11

Тиісті көліктік және кедендік инфрақұрылымды құру арқылы азаматтарды, көлікті және тауарларды шекара арқылы өткізетін жаңа бекеттер ашу бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, Қаржымині, ККМ, ҰҚК ШҚ (келісім бойынша), КҰП (келісім бойынша)

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

Мемлекеттік шекарадан өту орындарын жайластыру және олардың инфрақұрылымын дамыту

12

Кедендік және шекаралық инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету, қолданыстағы шекарадан өту орындарын, бақылау-өткізу және кедендік бекеттердің техникалық жарақтандырылу деңгейін арттыру

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, Қаржымині, АШМ, ҰҚК ШҚ (келісім бойынша), КҰП (келісім бойынша)

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

Табиғатты қорғау іс-шаралары және трансшекаралық өзендерді пайдалану

13

Трансшекаралық өзендер мен көлдердің ластану көздеріне мониторинг жүргізуді, сондай-ақ үстіңгі қабаттағы сулардың жағдайын бақылау бекеттерінің тізбесін нақтылауды қамтамасыз ету

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

14

Коммуналдық меншіктегі гидротехникалық және қорғау құрылыстарын техникалық дұрыс жағдайда ұстап тұру, олардың жай-күйіне бақылау жүргізу (бөгеттер, таулы орлар, су бұру арналары және т.б.) бойынша шаралар қабылдау

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

15

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру бойынша іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

16

Су объектілерінің су қорғау аймақтарының шекараларын белгілеу, өзендердің арналарын тазалау бойынша іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

Шекара маңындағы аудандардың туристік инфрақұрылымын дамыту

17

Негізгі туристік бағыттарды айқындау және шекара маңындағы аумақтарда туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылдау

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ИЖТМ

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

18

Туристік-рекреациялық объектілердің және туризм инфрақұрылымы объектілерінің қызметін жетілдіру бойынша жағдайлар жасау

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ИЖТМ

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

19

Шекара маңындағы өңірлерде туризм саласындағы ақпараттық жүйелерді құру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ИЖТМ

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

Шекара маңындағы сауданы дамыту, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету

20

Қазақстан Республикасы шекарасының бойында орналасқан ірі елді мекендерде сауда кәсіпкерлер үшін консалтингтік қызмет көрсету орталықтарын құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

21

Көршілес елдермен сауда саласында, оның ішінде жәрмеңкелер, көрмелер, форумдар және т.б. тұрақты негізде бірлескен іс-шаралар өткізу

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

Халықты жұмыспен қамтуды ұлғайтуға жәрдемдесу

22

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42 қаулысымен.

23

Жұмыс берушінің қажеттіліктері шеңберінде оқыту және көшіру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, Еңбекмині

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

24

Өз ісін ұйымдастыруға/кеңейтуге шағын кредит беру жолымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, аз қамтамасыз етілген халықтың кәсіпкерлік белсенділігін дамытуды қамтамасыз ету

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, Еңбекмині

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

Шекара маңындағы аудандардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту

25

Қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде шекара маңындағы елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын салуды және реконструкциялауды қамтамасыз ету

ӨДМ-ге ақпарат

шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ЭБЖМ, ДСМ, БҒМ, ККМ, ИЖТМ, МГМ, ІІМ, МАМ, СДША, КҰП (келісім бойынша)

жыл сайын, 10 қаңтарға қарай

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгi
      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
      ҚОСРМ – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
      МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi
      ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметі
      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi
      СДША – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
      «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
      КҰП – Қазақстан Республикасы кәсіпкерлердің ұлттық палатасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады