Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 1392 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 қаулысымен

«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 25
тамыздағы № 962 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік
қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745
қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1392 Қаулысына баспасөз релизі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Осы ретте, азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргізу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
      Қағиданы қабылдау әлеуметтік-экономикалық келеңсіз салдарға жеткізбейді.
      Қағидалар мерзімді басылымдарда алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз