"Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 892 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1480 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 892 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      «Стратегиялық бағыт – Холдинг қызметінің басым бағыттарында зерттеуден бастап ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізгенге дейінгі ғылыми-инновациялық циклді толық іске асыру» деген 3.1-кіші бөлімде:
      «Холдинг қызметінің басым бағыттарында экономиканы сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті инновациялық ғылыми әзірлемелермен қамтамасыз ету» деген 1-мақсатта:
      міндеттерде:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әлеуметтік маңызы бар және отандық экономикада сұранысқа ие Холдинг қызметінің тиісті бағыттары бойынша ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды, оның ішінде:
      шетел ғалымдары мен сарапшыларын, шетелде тұратын қазақстандық ғалымдарды, сондай-ақ халықаралық деңгейде танылған әлем компаниялары мен ғылыми орталықтарын, шет елдердің ғылыми зерттеулер саласындағы ұйымдарын (ЮНЕСКО, ИСЕСКО, НАТО, СРДФ, ХҒТО, ИНТАС, Сomstech ОИК, ШЫҰ, ЭЫҰ);
      Назарбаев Университетімен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен, ұлттық компаниялармен және ірі кәсіпорындармен, оның ішінде еркін экономикалық аймақтардың, бірінші кезекте Инновациялық технологиялар паркінің артықшылықтарын пайдалана отырып, бірлескен ғылыми- техникалық жобаларды тарту арқылы әзірлеу және іске асыру.»;
      түйінді көрсеткіштерде:
      2)3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) іске асырылып жатқан ғылыми-техникалық бағдарламалар саны кемінде 10, 2015 жылға қарай – 14-ке, 2020 жылға қарай – 20-ға жеткізе отырып, оның ішінде 2014 жылдан бастап баламалы және жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалану, «жасыл» технологиялар бойынша кемінде 1, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалану мен сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу бойынша кемінде 1, іске асырылатын инновациялық жобалар саны – жыл сайын кемінде 60, оның ішінде әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарымен бірлескен ғылыми зерттеулер жыл сайын кемінде 1, осы көрсеткіштерді 2015 жылға қарай 65-ке және 2-ге, 2020 жылға қарай 75-ке және 3-ке, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге және іске асыруға тартылған шетел ғалымдары мен сарапшыларының, шетелде тұратын қазақстандық ғалымдардың саны жыл сайын кемінде 2, 2015 жылға қарай 5-ке, 2020 жылға қарай 7-ге жеткізе отырып;
      3) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, ұлттық компаниялар мен жеке кәсіпорындардың тапсырысы бойынша іске асырылған ғылыми жобалар мен бағдарламалар саны 2015 жылға қарай кемінде 10 және 2016 – 2020 жылдар кезеңінде кемінде 15, әзірленген технологиялар – берілген өтінімдерге оң қорытындылар, алынған патенттер саны жыл сайын Қазақстан Республикасының кемінде 15 патенті, 1 халықаралық патент, оның ішінде қолдау табатын қазақстандық және шетелдік патенттер 1000 ғалымға шаққанда 2011 жылға қарай кемінде 3, осы көрсеткіштерді тиісінше 2015 жылға қарай 17-ге, 5 және 5-ке, ал 2020 жылға қарай – 23-ке, 7 және 7-ге, сондай-ақ халықаралық танылған патенттерді 2015 жылға қарай кемінде 1-ге, ал 2020 жылға қарай кемінде 3-ке жеткізе отырып.»;
      «Білім беру және алмасу процесін қамтамасыз ету» деген 2-мақсатта:
      міндеттерде:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) дайындалған монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарының саны, оның ішінде электрондық – жыл сайын кемінде 7, шығарылатын журналдар – кемінде 3 аталым, кітапхана қорын жаңа өзекті басылымдармен және әдебиеттермен толықтыру жыл сайын кемінде 100 дана, өткізілген ғылыми конференциялар мен семинарлар – жылына кемінде 10, ғылыми жетістіктердің көрмелері мен тұсаукесерлері жыл сайын кемінде 6, консорциялық келісімдер мен меморандумдар жыл сайын кемінде 1, құрылған ғылыми-білім беру консорциумдарының шеңберінде іске асырылған жобалар жыл сайын кемінде 1, осы көрсеткіштерді тиісінше 2015 жылға қарай 10-ға, 4-ке, 200-ге, 12-ге, 8-ге, 2-ге, ал 2020 жылға қарай 15-ке, 5-ке, 300-ге, 15-ке, 10-ға, 3 және 3-ке жеткізе отырып;»;
      «Отандық технологияларды енгізу және шетелдік озық технологияларды трансферттеу» деген 4-мақсатта:
      міндеттерде:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) технологияларды коммерцияландыруға іріктелген жобалар саны жыл сайын кемінде 3, 2015 жылға қарай 5-ке және 2020 жылға қарай 7-ге жеткізе отырып, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің отандық нәтижелерін іске асыруға қаражат салатын жеке сектор компанияларының саны 2011 – 2015 жылдар кезеңінде кемінде 7 және 2016 – 2020 жылдарда кемінде 20, отандық венчурлық қорлар арқылы қаржыландырылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдаланып жасалған жобалар саны 2015 жылға дейін кемінде 3 және 2016 – 2020 жылдарда кемінде 7;»;
      «Стратегиялық бағыт – Холдинг активтерін тиімді басқару» деген 3.2-кіші бөлімде:
      «Стратегиялық және жедел басқару бойынша тиімді жүйелер құру» деген 1-мақсатта:
      түйінді көрсеткіштерде:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) 1-ден 4-ке дейінгі шәкілде корпоративтік басқару рейтингі: 2015 жылға қарай қол жеткізуге жоспарланып отырған мәндер – 2, 2020 жылға қарай – 4;
      «Ғылыми-техникалық әлеуетті, оның ішінде инфрақұрылымдар мен адам ресурстарын тиімді басқару» деген 2-мақсатта:
      түйінді көрсеткіштер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Түйінді көрсеткіштер:
      1) құрылған тәжірибелік өндірістер мен конструкторлық бюролар (КБ) саны 2015 жылға қарай кемінде 4 және 2020 жылға қарай кемінде 10, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру ұйымдары, оның ішінде венчурлық қордың – 2013 жылға қарай кемінде 1 және 2016 – 2020 жылдар кезеңінде кемінде 1;
      2) 2020 жылға қарай кадрлардың тұрақтамау көрсеткішінің 15 %-ға төмендеуі, 39 жасқа дейін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындап жатқан маман-зерттеушілердің үлес салмағы зейнетақы жасына дейінгі зерттеушілер құрамының жалпы санына шаққанда 2015 жылға қарай 40 %, 2020 жылға қарай 50 %;
      3) біліктілігін арттырған, оның ішінде шетелдік технологияларды пайдалануға, жобаларды басқару негіздеріне оқытудан өткен инженерлік-техникалық қызметкерлер саны жыл сайын кемінде 50 адам;
      4) қазақстандық тауарлардың жергілікті қамту үлесін оларды сатып алу бойынша жалпы шығындарға шаққанда 2015 жылға қарай кемінде 25 %-ға, 2020 жылға қарай кемінде 50 %-ға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің үлесін оларды сатып алу бойынша жалпы шығынға шаққанда 2015 жылға қарай кемінде 60 %-ға, 2020 жылға қарай кемінде 80 %-ға жеткізу»;
      «Холдинг компанияларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету» деген 3-мақсатта:
      түйінді көрсеткіштер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Түйінді көрсеткіштер:
      1) 2020 жылға қарай кірістің 2010 жылмен салыстырғанда кемінде 5 есе өсуі;
      2) мемлекеттік емес қаржыландыру көлемінің 2010 жылмен салыстырғанда жыл сайынғы өсуі кемінде 10 %, 2015 жылға қарай кемінде 1,5 есеге, 2020 жылға қарай 2010 жылдың көрсеткішіне қарағанда кемінде 2 есеге жеткізе отырып;
      3) Холдингтің шоғырландырылған рентабельділігі 2015 жылға қарай кемінде 15 %, 2020 жылға қарай кемінде 20 %.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады