Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1540 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 112 қаулысымен

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014 – 2018
жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

      «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1540 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) бекітілді.
      Қаулы «2014 – 2016 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 148-V Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін қабылданды.
      Стратегиялық жоспарда бір стратегиялық жоспар «Ұсынылатын ақпараттың сапасын жақсарту» және 3 стратегиялық мақсат қаралған:
      1. Экономиканың барлық аяларын, салаларын сапалы көрсеткіштермен қамтамасыз ету және статистикалық деректерді түзуді оңтайландыру;
      2. «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      3. Статистикалық ақпаратты тарату жүйесін дамыту.
      Стратегиялық жоспардың жаңа міндеттері болып ауылшаруашылық санақты өткізуді жоспарлау және 2020 халық санағын өткізу бойынша дайындық жұмыстары табылады.

      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз