"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1541 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 158-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесінде:
      3-тармақтың 3), 5), 6) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      3) орталық депозитарий – Қазақстан Республикасының аумағында депозитарийлік қызметті жүзеге асыратын бірден-бір мамандандырылған коммерциялық емес ұйым. Орталық депозитарий эмитентпен жасасқан шартқа сәйкес төлем агентінің функцияларын және қазынашылық міндеттемелерді есепке алу және қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
      5) қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету мен өтеудің ішкі ережесі – оның негізінде орталық депозитарий қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсетуді және оларды өтеуді жүзеге асыратын орталық депозитарийдің эмитентпен келісілген ішкі құжаты;
      6) бастапқы дилер – белгіленген тәртіппен қазынашылық міндеттемелерді орналастыруға қатысуға жіберілген және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша эмитент белгілеген талаптарға сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
      8) депонент – орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Әрбір шығарылымның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган беретін ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН) болады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қазынашылық міндеттемелер жазылу, аукцион (қайталама аукцион) өткізу арқылы және қазынашылық міндеттемелерді орналастырудың ішкі қағидаларында белгіленген басқа да сауда тәсілдерімен орналастырылады.»;
      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қазынашылық міндеттемелерді және олар бойынша құқықтарды есепке алу орталық депозитарий депоненттерінің дербес шоттары бойынша және депоненттердің дербес шоттарында ашылған инвесторлардың жеке қосалқы шоттарында жүзеге асырылады. Орталық депозитарий төлем агентінің функцияларын жүзеге асырады, олар, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, бастапқы нарықта орналастыру кезінде, қайталама нарықта қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу және өтеу кезінде қазынашылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруды, сондай-ақ қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсетуді (сыйақы есептеу және төлеу) білдіреді.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Орталық депозитарий орналастырылған қазынашылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырған күн, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосудың басталған күні болып есептеледі. Қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, осы міндеттемелерді өтеген күннің алдындағы соңғы күн өткенде аяқталады.»;
      16-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымының бір бөлігін немесе бүкіл көлемін сатып алу туралы эмитенттің шешімі бас қаржы агентіне және бас қаржы агентіне жеткізіледі. Қаржы агенті, өз кезегінде осы хабарламаны алғаннан кейін бес (5) жұмыс күні ішінде бұл туралы бастапқы делдалдарға хабарлайды.»;
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      «16-1. Эмитент қазынашылық міндеттемелердің айналыстағы белгілі бір шығарылым(-дар-)ын эмитент белгілеген тәртіппен осы қазынашылық міндеттемелердің барлық ұстаушыларының келісімі бойынша нарықтық немесе өзге құны бойынша қазынашылық міндеттемелердің жаңа шығарылымына алмастыруды жүзеге асыра алады. Қазынашылық міндеттемелерді алмастыру оған тілек білдірген қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларда ғана жүргізіледі.
      Айналыстағы қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымын қазынашылық міндеттердің жаңа шығарылымына алмастыру туралы эмитенттің шешімі бас қаржы агентінің және қаржы агентінің назарына осындай сатып алу күніне дейін 20 (жиырма) жұмыс күні бұрын жеткізіледі. Қаржы агенті, өз кезегінде осы хабарламаны алғаннан кейін бес (5) жұмыс күні ішінде бұл туралы бастапқы делдалдарға хабарлайды.
      Эмитенттің қазынашылық міндеттемелердің айналыстағы белгілі бір шығарылым(-дар-)ын қазынашылық міндеттемелердің жаңа шығарылымына алмастыру туралы шешімі мыналарды қамтиды:
      1) алмастыруға жататын қазынашылық міндеттемелердің ҰСН;
      2) жаңа шығарылымның ҰСН;
      3) ұстаушының қосалқы шоты, одан алмастыруға жататын қазынашылық міндеттемелерді есептен шығаруға болады және оған жаңа шығарылымның қазынашылық міндеттемелерін есептеуге болады.
      4) алмастыруға жататын қазынашылық міндеттемелер есептен шығарылатын баға;
      5) жаңа шығарылымдағы қазынашылық міндеттемелер есептелетін баға;
      6) алмастыруға жататын қазынашылық міндеттемелердің саны;
      7) жаңа шығарылымдағы қазынашылық міндеттемелердің саны.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелердің иелері заңнамалық актілерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды орталық депозитарий депоненті арқылы ресімдейді.»;
      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «72. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша активтер мен міндеттемелерін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ға берген күнге дейін жинақтаушы зейнетақы қорлары, өмірді сақтандыру компаниясы, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ арасында орналастырылады.
      Қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу мерзімінің екіден бір бөлігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелердің «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на беру күніне дейін жинақтаушы зейнетақы қорлары, өмірді сақтандыру компаниясы, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ арасында жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу еркін негізде жүзеге асырылады.»;
      8990-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «89. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша құқықтарды растау орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушының қосалқы шотынан не атаулы ұстаушыны есепке алу жүйесінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушының дербес есеп шотынан үзінді көшірме беру жолымен жүзеге асырылады.
      90. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей эмитент орталық депозитарийге арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы мәліметтерді береді.»;
      9294-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «92. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу 10 (он) жұмыс күні ішінде жалғастырылады. Эмитент жазылу мерзімін 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзарта алады. Жазылу мерзімін ұзартқан жағдайда, эмитент жазылу мерзімін ұзарту басталған күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы агентті және орталық депозитарийді хабардар етеді және қажет болған кезде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы мәліметтерді береді.
      94. Жеке тұлғаның агенттің атаулы ұстауының есепке алу жүйесінде ашылған жеке шоты болмаған жағдайда, өтінімді берумен бір мезгілде жеке тұлға шотты ашуға бұйрықты және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесін қоса бере отырып, брокерлік қызмет көрсету және атаулы ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге жасалатын шарттың негізінде агенттің ішкі құжаттарына сәйкес дербес шот ашады. Агент орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде тиісті қосалқы шот ашуы тиіс.»;
      9798-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «97. Жазылу жүргізу кезеңінде агент жұмыс күні ішінде өтінімдер қабылдауды жүргізеді. Келесі күні Астана қаласының уақытымен сағат 11.00-ге дейін Агент қабылданған және қанағаттандырылған өтінімдердің жиынтық ведомосін қалыптастырады және эмитентке әрі бұйрықтарды бастапқы орналастыруға үшін орталық депозитарийге жібереді.
      Орталық депозитарий қабылданған бұйрықтардың негізінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті қосалқы шоттарға есептейді және сол күнгі Астана қаласы уақытымен сағат 12.00-ге дейін бұйрықтардың орындалуы (орындалмауы) туралы есептерді агентке жібереді.
      98. Агент орталық депозитарийдің есебін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастырудан түсетін қаражатты эмитентке аударады.»;
      108109110-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «108. Сыйақы төлеу күніне дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын орталық депозитарий сыйақы алуға құқығы бар ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және сыйақы төлеуге жататын АҚШ долларындағы жалпы сома туралы мәліметтерді эмитентке жібереді.
      109. Сыйақы төлейтін күні Астана қаласының уақытымен сағат 16.00-ге дейін эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сыйақы төлеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен ақшаны алдағы сыйақы төлеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомада орталық депозитарийдің позициясына аударады.
      110. Сыйақы төлейтін күні Астана қаласының уақытымен сағат 17.00-ге дейін орталық депозитарий осы Ереженің 108-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес эмитенттен түскен ақшаны депоненттерге аударады.»;
      114115116-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «114. Өтеу күніне дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын орталық депозитарий өтеу кезінде ақша алуға құқығы бар ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және өтеуге жататын АҚШ долларындағы жалпы сома туралы мәліметтерді эмитентке жібереді.
      115. Өтеу күні Астана қаласының уақытымен сағат 16.00-ге дейін эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен алдағы өтеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомада ақшаны орталық депозитарийдің позициясына аударады.
      116. Өтеу күні Астана қаласының уақытымен 17.00-ге дейін орталық депозитарий осы Ереженің 114-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес депоненттерге ақша аударады және бір мезгілде қосалқы шоттардан өтелетін арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді есептен шығарады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады