Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 50 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 қаулысымен

«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына баспасөз парақшасы

      2014 жылдың 4 ақпанында «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 50 қаулысы (бұдан әрі - қаулы)қабылданды.
      Қаулы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3)-тармақшасына сәйкес әзірленіп, келесі мемлекеттік қызметтер стандарттарының бекітілуін қарастырады:
      1) «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды бастырмалатуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) «Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      7) «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      8) «Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      9) «Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
      Сонымен бірге, қаулыны қабылдау республикалық және жергілікті қаржылықшығынға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерге қаржылық жүктемеге әкеп соқпайды.

      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз