"Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына өзгеріс енгізу және "Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын Паралимпиялық ойындардағы жоғары спорттық нәтижелерi үшiн материалдық ынталандырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 ақпандағы № 167 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 53 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысымен

«Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының
мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін
көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына өзгеріс
енгізу және «Қазақстан Республикасы құрама командаларының
спортшылары мен жаттықтырушыларын Паралимпиялық ойындардағы
жоғары спорттық нәтижелерi үшiн материалдық ынталандырудың
кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2008 жылғы 19 ақпандағы № 167 қаулысының күшi жойылды деп тану
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

      Осы қаулы Саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында, сонымен қатар жоғары спорттық жетістіктері үшін спортшылар мен жаттықтырушыларға бір жолғы төлемдерді қарастыратын актілердің ортақ белгісі болуын ескере отырып, қолданыстағы қаулыларды бір нормативтік құқықтық актіге біріктіру ұсынылуда.
      Бұған қоса, мүгедек спорты және олимпиадалық емес спорт түрлерінен бүгінгі таңда көтермелеу мөлшерлері бекітілмеген, осы орайда, спорттық іс-шаралардың қатысушыларының арасында құқықтық теңдік орнатылады.
      Бұдан басқа, Ванкувер және Лондондағы Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктер үшін сыйақы мөлшерін қарастыратын актілердің күшін тоқтатуына, сыйақының нақты мөлшерінің белгіленбеуіне байланысты отандық споршылар мен жаттықтырушылардың ынтасы мен әуесқойлығы төмендейді.

      Қазақстан Республикасы
      Спорт және дене шынықтыру
      істері агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз