Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 89 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлік республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөнінде қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 89 қаулысына   
қосымша       

Республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне
берілетін мемлекеттік мүліктің
ТІЗБЕСІ

Мүлік атауы

Орналасқан жері

Техникалық сипаттамалары

Өлшем бірлігі

Саны

Теңгерімдік құны, теңге

Кабельдік науалар

«Батыс» ПС 6кВ ТҚ-дан № 3611 ТП 6кВ ТҚ-ға дейін

1/2Л11-8, ПО 16п, 3ПБ16-37п - 993,51 м3 темір-бетон аражабын плиталары бар кабельдік науалар, КЦ20-9 темір-бетон құдықтар - 27 дана, диаметрі 800 мм болаттан жасалған құбырлар - 453,31 м.

км

2,4

195 791 050

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады