Конкурстық рәсімдерден тыс 2014 - 2016 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 161 қаулысы

      «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Конкурстық рәсімдерден тыс республикалық бюджеттен 2014 – 2016 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру осы қаулыға қосымшаға сәйкес ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    С. Ахметов 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 161 қаулысына   
қосымша       

Бағдарламалық-мақсатты қаржыландырылуы республикалық бюджеттен
жүзеге асырылатын конкурстық рәсімдерден тыс ғылыми-техникалық
бағдарламалар 

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
      1) Байытылуы қиын және сапасы төмен шикізатты байыту және өңдеу технологиялары;
      2) Мұнай, газ және уран өндіру тиімділігін арттыру үшін ақпараттық-цифрлық технологияларды әзірлеу;
      3) Қазақстан Республикасындағы жаңа және қайтадан пайда болатын вирустық инфекциялар: мониторинг және оларды бақылау үшін перспективалық биопрепараттарды жасау;
      4) Өнеркәсіптік биотехнологиялар;
      5) Молекулалық және жасушалы биологияның әдістері негізінде бидай мен картоптың фузариоз бен вироидаларға төзімдігін жоғарылатудың ғылыми негіздерін әзірлеу және олардың негізінде қарқынды селекция үшін бастапқы желілер мен диагностикумдар жасау;
      6) Энергияның балама көздерінің негізінде энергия тиімді технологияларды әзірлеу;
      7) Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі: «Қазақстанның су ресурстары және оларды пайдалану» геокеңістік ақпараттық жүйесі;
      8) Өсімдіктерден алынған жаңа биологиялық белсенді қосылыстар және олардың синтетикалық аналогтары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады