"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 256 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен

Баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкімеінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына толықтыру енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 256 қаулысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретті заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бeкiту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын icкe асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 5-ө өкімін орындау мақсатында қабылданды.
      Көрсетілген 2014 жылғы 13 қаңтардағы Заңмен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әpі Министрлік) жекелеген функциялары Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 ж. 24.08. № 951 қаулысымен бекітілген) сәйкес заңға тәуелді деңгейде белгіленуге жататын функциялар ретінде заңдардан алып тасталды
      Өзге функциялармен қатар Министрліктің әлеуметтік қызметтердің ғылыми-әдістемелк жағынан қамтамасыз ету жөіндегі қызметтің үйлестіруші жүзеге асыру бойынша функциясы «Кемтар балаларды әлеуметпк және медициналық-педагогикалык түзеу арқылы колдау туралы» Қазакстан Республикасы Заңынан алып тасталды. Берілген функция Министрлігі кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы өклеттіктерін сапалы жүзеге асыру үшін қажет.
      Осыған байланысты, Министрлік туралы Ереже әлеуметтік қызметтердің ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жөнідегі қызметтің үйлестірілуін жүзеге асыру бойынша функциямен толықтырылды.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз