Уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 321 Қаулысы

ПРЕСС-РЕЛИЗ

       Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2014 жылғы 4 сәуірде № 321 «Уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiмeтi қаулысы (бұдан әpi - қаулы) қабылданды.
      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 4-бабы 3-тармағына сәйкес уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайызға арттырылды.
      2014 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасының Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Назарбаевпен жылдың басынын берілген арттыруларды ескере отырып, зейнетақы телемдерінің мөлшерін 14 пайызға дейін жеткізуге тапсырма берілді.
      Қаулы «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 002 «Жеке санаттағы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен icкe асырылатын болады.
      Қаулыны қабылдау барлық алушылардың (1,8 млн. зейнеткерден астам) зейнетақы телемдерінің мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.
      Арттыруға 2014 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған барлық зейнетақы төлемдері жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз