2014 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 395 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2014 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң      
2014 жылғы 24 сәуірдегі
№ 395 қаулысымен   
бекiтiлген      

2014 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін
мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру
ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі

Р/с

Жобаның атауы

Жобаның жалпы құны (мың теңге)

Іске асыру кезеңі (жылдар)

Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері (мың теңге)

Қарыз алушы

1

Азия Даму Банкі қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландыру

22500000

2014 – 2019

22500000

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады