Жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 497 қаулысы.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 9-бабы 3-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Облыстардың әкімдіктері Қазақстан Респуликасы заңнамасының талаптарына сәйкес тізбеге енгізілген кәсіпорындарға жер учаскелерін беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 497 қаулысымен
бекітілген

Жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін отандық
өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.11.2017 № 766 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

р/с №

Кәсіпорын

Инвестициялық жобаның атауы

Өңір

1

2

3

4

1

"ENKI" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қыш кiрпiш өндiру зауытын салу

Ақмола облысы

2

"Қазатомөнеркәсіп" күкірт қышқылы зауыты" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Өндiрiстiк қуаты жылына 180 мың тонна күкiрт қышқылы зауытын реконструкциялау

Ақмола облысы

3

"АЗИЯ АВТО Қазақстан" акционерлiк қоғамы

Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автокомпоненттер өндіретін технопарк салу

Шығыс Қазақстан облысы

4

"СемАЗ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

"Беларусь-3022ДЦ.1" тракторын құрастырып өндiру

Шығыс Қазақстан облысы

5

"ACIG" акционерлiк қоғамы

Цемент зауытын салу

Жамбыл облысы

6

"Тараз құбыр зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Полиэтиленді құбырлар және тамшылатып суаруға арналған құбырлар шығаратын зауыт салу

Жамбыл облысы

7

"БиномСтройДеталь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Құрылыс материалдары комбинаты

Жамбыл облысы

8

"Орал трансформатор зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қуаттылығы 20-1200 кВт болатын трансформаторлар өндірісі

Батыс Қазақстан облысы

9

"Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Темiр жол жүк вагондары үшiн iрi құймалар өндiрісі

Қарағанды облысы

10

"NORD Пром НС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бетон теміржол шпалдарын шығару

Қарағанды облысы

11

"Евромет" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Көмiрден металлургиялық коксты жанама ала отырып, жылу техникалық кешенiнiң екінші кезегiн салу және пайдалануға беру

Қарағанды облысы

12

"Мерей" медициналық фирмасы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Медициналық мекемелер үшін біржолғы өнім өндірісін ұйымдастыру

Қарағанды облысы

13

"Bapy Mining" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Темір кенін өндіру және қайта өңдеу

Қарағанды облысы

14

"Қостанай ҰББ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Қостанай қаласында жылына тұрғын үйдің 70 мың шаршы метріне арналған үй құрылысы комбинатын салу

Қостанай облысы

15

"БК-Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Құрастырмалы темірбетон өндіру зауытын салу

Қостанай облысы

16

"Format Mach Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1). Ірі және орта құймаларды шығаруды ұйымдастыру
2). Машина жасау өндірісін жаңғырту

Павлодар облысы

17

"Format зауыты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Марганецті құйма өндiрiсiн ұйымдастыру

Павлодар облысы

18

"Kazakhstan Project" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1). Дәретхана қағазының, қағаз сүлгілер мен қағаз майлықтарының өндірісі
2). Жұмыртқаға арналған лотоктар және басқа да қағаз өнімдері өндірісін ұйымдастыру

Павлодар облысы

19

"Технологиялық желілер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Құйма өндірісін жаңғырту

Павлодар облысы

20

"LTD мұнай химия компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Полимерлік бұйымдар өндірісі

Павлодар облысы

21

"ЮгПласт компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қуаттылығы жылына 6000 тонна болатын полиэтиленнен қысым құбырларын шығару жөніндегі зауыт салу

Оңтүстік Қазақстан облысы

22

"ЕвроКристалл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қуаттылығы 60 млн. бірлік бос шынылар қораптарын өндіру жөніндегі зауыт салу

Оңтүстік Қазақстан облысы

23

"Зенит" Орал зауыты" акционерлік қоғамы

2013 – 2015 жылдарға арналған құрғақ салмағы 600 тоннаға дейінгі жаңа сыныпты кемелерді және басқа ірі габаритті өнімдер шығаруды игеру үшін теңіз кемелерін жасауды дамыту

Батыс Қазақстан облысы

24

"Гидроприбор" ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы

Шағын катерлердің кеме жасау өндірісін кеңейту және жаңарту

Батыс Қазақстан облысы

25

"Семей машина жасау зауыты" акционерлік қоғамы

"Семей машина жасау зауыты" акционерлік қоғамын реконструкциялау, жаңғырту және дамыту және оның базасында МАЗ автотехникасын құрастыру өндірісін құру

Шығыс Қазақстан облысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады