2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 582 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 30 мамырдағы
№ 582 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында
тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы
келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге 1-қосымшаға мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін орындалған шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесінде, кестеде:
      мына:
      «

8415

Ылғалдылығы жеке реттелмейтін кондиционерлерді қоса алғанда, ауаның температурасы мен ылғалдылығын өзгертуге арналған двигателі мен аспаптары бар желдеткіштермен жабдықталған ауаны тазалауға арналған қондырғылар

Мынадай технологиялық операцияларды орындаған кезде кез келген позициядағы материалдардан дайындау:
- корпусты дайындау, электр өткізгіш элементтерді дайындау;
- блоктарды жинау және монтаждау;
- тоңазытқыш агентті құю;
- параметрлерді реттеу және бақылау

                                                                    »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

8415

Ылғалдылық жеке реттелмейтiн кондиционерлердi қоса алғанда, қозғалтқышы бар және температура мен ауаның ылғалдылығын өзгертуге арналған желдеткiшпен жабдықталған ауаны тазартуға арналған қондырғылар

Мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позициядағы материалдардан дайындау:
- корпусты дайындау, электр өткiзгiш элементтерiн дайындау;
- блоктарды құрастыру және монтаж;
- конструкциясында хладагент құю көзделмеген және/немесе құю монтаждау кезінде жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа, хладагент толтыру;
- параметрлерiн реттеу және бақылау

                                                                   »;
      мына:
      «

8702-8704

Жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары және жүк тасуға арналған моторлы көлік құралдары

Пайдаланылатын желілер мен бөлшектердің құны дайын өнімнің 50 %-дан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында дайындау:
- шанақты (кабинаның) әзірлеу және бояу;
- қозғалтқышты орнату және бекіту, қозғалтқышқа басқару механизмдерін қосу;
- радиаторларды орнату және салқындатқыш жүйелерді қосу;
- бәсеңдеткіштерді бекіту, трансмиссияны қосу;
- алдыңғы аспаны және жарты осьті орнату, артқы аспаларды орнату;
- рульдік басқаруды алдыңғы доңғалақ күпшектерімен қосу;
- доңғалақтарды орнату және алдыңғы күпшек мойынтіректерін тартып байлап реттеу, от алдыру орауышын орнату;
- рульдік басқару гидрожүйесін, тежегіш жүйені, гидротіркеуді салу және айдау;
- бағытшамды, алдыңғы және артқы сигналдық шамдарды орнату және қосу;
- сөндіргіш және құбыржолдың шығару бөліктерін орнату;
- отын багын орнату және отын жетегін қосу;
- генераторды орнату және жетек белдігінің керілуін реттеу;
- электрлік ернеу тізбектерінің жұмысын тексеріп, аккумуляторды орнату және қосу;
- диагностика және қозғалтқышты реттеу;
- тежегіш жүйенің тиімділігін тексеру;
- тез бұзылатын жерлерін консервациялау;
- құрастырғаннан кейінгі ақауларын жою;
- кестелікке және автомобильге идентификациялық нөмір салу;
- автомобильді жүргізіп жаттықтыру.
Жоғарыда көрсетілген технологиялық және өндірістік операцияларда 8704 тауарлық позициясы үшін шанақ (кабинаның) әзірлеу және бояу орнына аспасы және аралықшасы болатын жақтауды әзірлеу бойынша операцияны орындауға рұқсат етіледі

                                                                    »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

8702-8704-тен

1) іштен жану қозғалтқыштары бар жеңіл автомобильдер және моторлы көлік құралдары

Пайдаланылатын материалдардың құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау:
- шанақты (кабинаны) жасау кезінде дәнекерлеу операцияларын көздемейтін технологияларды қолданған жағдайда, шанақты (кабинаны) дәнекерлеу немесе шанақты (кабинаны) өзге тәсілмен жасау;
- шанақты (кабинаны) бояу;
- қозғалтқышты орнату;
- қосалқы жабдықты орнату, оның ішінде моторлы көлік құралының конструкциясында көзделген қауіпсіздік, жылыту және салқындатқыш жүйелерін орнату;
- трансмиссияны орнату;
- алдыңғы және артқы аспаларды орнату;
- доңғалақтарды орнату;
- майшамдардан, от алдыру орауыштарынан және жоғары вольтты сымдардан басқа от алдыру жүйесін орнату (ұшқынмен от алатын іштен жану қозғалтқышы бар моторлы көлік құралдары үшін);
- рульдік басқаруды және тежегіш жүйесін орнату;
- интерьер және экстерьер элементтерін орнату;
- фараларды, алдыңғы және артқы сигнал беретін шамдарды орнату;
- дыбыс тұншықтырғышты және газ шығаратын түтіктің бөліктерін орнату;
- отын багын және отын түтіктерін орнату;
- моторлы көлік құралдарын дайындау кезінде пайдаланылатын автоқұрауыштардың ажырамас бөлігі болып табылатын жетектерден басқа электр жетектерін орнату;
- аккумуляторды орнату;
- борттың электр тізбектерін монтаждау;
- қозғалтқышты диагностикалау және реттеу;
- тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;
- моторлы көлік құралына сәйкестендіру нөмірін салу;
- дайын моторлы көлік құралын бақылау сынақтарынан өткізу

8702-8704-тен

2) электр жетек және гибридті қуат қондырғылары қозғалысқа түсіретін жеңіл автомобильдер және моторлы көлік құралдары

Пайдаланылатын материалдардың құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау:
- шанақты (кабинаны) жасау кезінде дәнекерлеу операцияларын көздемейтін технологияларды қолданған жағдайда, шанақты (кабинаны) дәнекерлеу немесе шанақты (кабинаны) өзге тәсілмен жасау;
- шанақты (кабинаны) бояу;
- қозғалтқышты орнату (гибридті қуат агрегаттары үшін);
- тартқыш электр машиналарды орнату (генераторлар, электр қозғалтқыштар);
- қосалқы жабдықты, оның ішінде моторлы көлік құралының конструкциясында көзделген қауіпсіздік, жылыту және салқындатқыш жүйелерін орнату;
- трансмиссияны орнату;
- алдыңғы және артқы аспаларды орнату;
- доңғалақтарды орнату;
- рульдік басқаруды және тежегіш жүйесін орнату;
- интерьер және экстерьер элементтерін орнату;
- фараларды, алдыңғы және артқы сигнал беретін шамдарды орнату;
- энергияны жинақтаушы блоктарды орнату (тартқыш аккумулятор батареялары немесе суперконденсаторлар);
- моторлы көлік құралдарын дайындау кезінде пайдаланылатын автоқұрауыштардың ажырамас бөлігі болып табылатын жетектерден басқа, электр жетектерін орнату;
- борттың электр тізбектерін монтаждау;
- қозғалтқышты диагностикалау және реттеу;
- тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;
- радиобөгеуілдер деңгейін және электромагниттік үйлесімділік нормаларын тексеру;
- моторлы көлік құралына сәйкестендіру нөмірін салу;
- дайын моторлы көлік құралын бақылау сынақтарынан өткізу

8704-тен

3) жүк тасуға арналған моторлы көлік құралдары (форвардер үлгісі)

Пайдаланылатын материалдардың құны дайын өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау:
- шанақты (кабинаны) жасау кезінде дәнекерлеу операцияларын көздемейтін технологияларды қолданған жағдайда шанақты (кабинаны) дәнекерлеу немесе шанақты (кабинаны) өзге тәсілмен дәнекерлеу немесе жасау;
- шанақты (кабинаны) бояу;
- қозғалтқышты орнату;
- қосалқы жабдықты орнату, оның ішінде моторлы көлік-құралының конструкциясында көзделген қауіпсіздік, жылыту және салқындатқыш жүйелерді орнату;
- трансмиссияны орнату;
- доңғалақтарды орнату;
- рульдік басқаруды және тежегіш жүйесін орнату;
- интерьер және экстерьер элементтерін орнату;
- фараларды, алдыңғы және артқы сигнал беретін шамдарды орнату;
- дыбыс тұншықтырғышты және пайдаланылған газды шығаратын құбыр секцияларын орнату;
- отын багын және отын өткізгіш құбырды орнату;
- моторлы көлік құралдарын дайындау кезінде пайдаланылатын, автоқұрауыштардың ажырамас бөлігі болып табылатын жетектерден басқа, электр жетектерін орнату;
- аккумуляторды орнату;
- борттың электр тізбектерін монтаждау;
- диагностика және қозғалтқышты реттеу;
- тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;
- моторлы көлік құралына сәйкестендіру нөмірін салу;
- дайын моторлы көлік құралын бақылау сынақтарынан өткізу

                                                                   ».

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күн өткен соң уақытша қолданылады және қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      2014 жылғы _____ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әр мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жолдайды

            Әзербайжан                                Ресей
      Республикасының Үкіметі                  Федерациясының Үкіметі
               үшін                                    үшін

            Армения                                 Тәжікстан
      Республикасының Үкіметі                 Республикасының Үкіметі
              үшін                                     үшін

            Беларусь                               Түрікменстан
      Республикасының Үкіметі                 Республикасының Үкіметі
             үшін                                      үшін

          Қазақстан                                 Өзбекстан
      Республикасының Үкіметі                 Республикасының Үкіметі
             үшін                                      үшін

             Қырғыз                                 Украина
      Республикасының Үкіметі                       Үкіметі
              үшін                                   үшін

            Молдова
      Республикасының Үкіметі
             үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады