Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік саясат жөніндегі нұсқауларда ұсынылған ұсынымдарды іске асыруда қолдау" жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 618 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік саясат жөніндегі нұсқауларда ұсынылған ұсынымдарды іске асыруда қолдау» жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік саясат жөніндегі нұсқауларда ұсынылған ұсынымдарды іске асыруда қолдау» жобасын іске асыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2014 жылғы 5 маусымдағы
№ 618 қаулысымен    
мақұлданған      

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Қазақстанның салалық
бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік саясат
жөніндегі нұсқауларда ұсынылған ұсынымдарды іске асыруда
қолдау» жобасын іске асыру туралы  келісім

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын)
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Келісімнің нысанасы

      1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік саясат жөніндегі нұсқауларда ұсынылған ұсынымдарды іске асыруда қолдау» жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны қаржыландыруға келіседі.

2-бап
Бюджет және қаржыландыру тетігі

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны іске асыруды жалпы сомасы 1,5 млн. (бір миллион бес жүз мың) евроға қаржыландырады.
      2. Жоба ұзақтығы 24 айды құрайды. Жобаның күтілетін басталу мерзімі – 2014 жылдың 4-тоқсаны.
      3. ЭЫДҰ-ның 2014 жылдан кейінгі кез келген алдағы қызметі ЭЫДҰ Кеңесінің ЭЫДҰ-ның 2015 – 2016 жылдарға арналған жұмыстар және бюджет бағдарламасына енгізуіне жатады. ЭЫДҰ Ғаламдық байланыстар хатшылығы осы Келісімнің нысанасы болып табылатын қызметті ЭЫДҰ-ның 2015 – 2016 жылдарға арналған жұмыстар және бюджет бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс жасауға ниеттеніп отыр. Егер, осы салымнан қаржыландырылатын қызмет ЭЫДҰ-ның 2015 – 2016 жылдарға арналған жұмыстар және бюджет бағдарламасына енгізілмеген жағдайда, ЭЫДҰ жұмысты және Қазақстан Республикасының Үкіметімен консультациялардан кейін осы Келісімнің қолданылуын тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі ЭЫДҰ-ның осы Келісімнің әрекеті тоқтатылған күнге дейін жұмсалған немесе жасаған шығыстарын өтеуге келіседі.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны іске асыру шығыстарын жабуға 1,5 млн. (бір миллион бес жүз мың) евро төлейді.
      5. Жарна мынадай түрде:
      бірінші жарна 1,134 млн. (бір миллион жүз отыз төрт мың) евро сомасында осы Келісімге қол қойылғаннан және ЭЫДҰ-дан тиісті төлемшотты алғаннан кейін;
      екінші жарна 366 (үш жүз алпыс алты) мың евро сомасында жобаның алғашқы жылы бойынша қаржы есептері алынғаннан кейін және ЭЫДҰ-дан тиісті төлемшотты алғаннан кейін бөлшектеп төленеді.
      6. ЭЫДҰ осы соманы өзінің қаржы ережелеріне және басқа да тиісті нормаларға, ЭЫДҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес басқарады, ол шығыстарды өтеу үшін жалпы жарнаның 5,3 %-ын құрайтын әкімшілік алымды көздейді. Шығыстар ЭЫДҰ-ның бухгалтерлік шоттарында бухгалтерлік есептіліктің жалпыға бірдей қабылданған қағидаттарына сәйкес келтірілетін болады.

3-бап
Іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі рәсімдер және есептілік

      1. ЭЫДҰ қоса берілген техникалық ұсынысқа сәйкес жобаның орындалуына жауапты болады.
      2. ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне әр тоқсанның қорытындысы бойынша, сондай-ақ әр жыл аяқталған соң үш ай ішінде жүргізілген жұмыстың сипаттамасын қамтитын қысқаша есеп нысанындағы мазмұндық есепті табыс етеді.
      3. Жобаны іске асыру аяқталған соң алты ай ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне атқарылған жұмыс туралы қорытынды мазмұндық есепті ұсынады.
      4. ЭЫДҰ әр жыл аяқталған соң Қазақстан Республикасының Үкіметіне ЭЫДҰ Бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы куәландырған және қол қойған шығыстар туралы жылдық қаржылық есептерді ұсынады. Қаржылық есептер есепті кезеңнен кейінгі үш ай ішінде ұсынылады.
      5. Жобаны іске асыру аяқталған соң алты ай ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы қорытынды қаржылық есеп береді.
      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есептілікке қойылатын талаптардың ЭЫДҰ бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес келетіндігін растайды.

4-бап
Ақпарат алмасу

      Осы Келісімнің Тараптары бір-біріне жәрдем көрсетеді және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алмасады.
      Тараптар арасындағы кез келген хабар алмасу үшін мынадай байланыс ақпараты пайдаланылады:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі: 010000 Қазақстан, Астана қ., Сол жағалау, Үкімет үйі, телефон: +7(7172) 74-50-19, факс: + 7 (7172) 74-58-70.
      ЭЫДҰ: ЭЫДҰ Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасы (DAF/PSD), Ғаламдық байланыстар хатшылығы, 2 rue Andrе Рascal 75775, Paris, Cedex 16, France, телефон: +7 (10) 33 1 45 24 82 00, факс: +7 (10) 33 1 45 24 85 00.

5-бап
Жобаның нәтижелерін пайдалану

      1. Үшінші тараптардың құқықтарын сақтау шартымен, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның құжаттарды жіктеу ережелеріне сәйкес ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне кез келген үкіметтік коммерциялық емес мақсат үшін соңғы есепті пайдалануға, кез келген, оның ішінде цифрлық нысанда көшіруге және таратуға жай қайтарып алынбайтын және бүкіл әлемде қолданылатын лицензияны береді.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі әрқашан ЭЫДҰ-ның авторлық құқығын тиісті түрде растауға және тиісті жағдайларда жарияланымға тиісті хабарлама енгізуге тиіс.
      3. ЭЫДҰ мұндай жарияланымның тіліне және нысанына қарамастан, кез келген есепті бірінші жариялау құқығын сақтайды. Есепті қоса алғанда, жоба шеңберінде орындалған жұмыстың нәтижелеріне құқықтар ЭЫДҰ-ға тиесілі.
      4. Соңғы есеп Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобаға қосқан үлесі туралы ескертпені қамтитын болады және Қазақстан Республикасының рәмізі жарияланым мұқабасының ішкі бетінде не жоғарыда аталған растаудың жанында жарияланымның ішінде орналасатын болады.
      5. Жоба барысында ЭЫДҰ-ға ұсынылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қала береді. ЭЫДҰ көрсетілген деректер мен ақпаратты өзінің есебін дайындау мақсатында және кең ауқымда жобаны іске асыру үшін пайдалануға және/немесе қосуға құқылы.

6-бап
Дауларды реттеу

      Осы Келісімнің жарамдылығын, заңды күшін немесе тоқтатылуын қоса алғанда, оны түсіндіруден, қолданудан немесе орындаудан туындайтын немесе соларға байланысты, бейбіт жолмен реттеуге мүмкін болмайтын кез келген дау, келіспеушілік немесе наразылық осы Келісім кезінде жұмыс істеген халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің қатысуымен Аралық соттың Тұрақты Палатасының төрелік қағидаларына сәйкес төрелікте шешіледі. Төрешілер саны біреу болуы тиіс. Төреші Тараптардың өзара келісімі бойынша таңдалуы тиіс, ал арбитраждық қарау туралы өтініш білдірген күннен бастап үш ай ішінде мұндай келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, төреші Тараптардың қайсысының болса да өтініші бойынша жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес тағайындалады.
      Іс Францияда, Парижде қаралады және барлық процестер мен құжаттар ағылшын тілінде жүргізіледі.

7-бап
Өзгерістер мен толықтырулар

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

8-бап
Күшіне енуі

      Осы Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және екі Тарап осы Келісімнен туындайтын барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін күшінде болады.
      Әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар басым күшке ие ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының    Экономикалық ынтымақтастық
            Үкіметі үшін             және даму ұйымы үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен   
Экономикалық ынтымақтастық және даму    
ұйымы арасындағы «Қазақстанның салалық   
бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы.
Мемлекеттік саясат жөніндегі нұсқауларда  
ұсынылған ұсынымдарды іске асыруда қолдау» 
жобасын іске асыру туралы келісімге     
қосымша                 

Техникалық ұсыныс Мазмұны

      1. Қысқаша шолу
      2. Жобаның сипаттамасы
      3. Жоспарланған шаралар мен әдістеменің сипаттамасы
         1. Жобаның мәнмәтіні мен мақсаттары
         2. Табысқа жетудің түйінді факторлары
         3. Дайындық шаралары
      4. Мерзімдері
      5. Бюджет
      6. Қосымша

1. Қысқаша шолу Анықтамалық ақпарат: елеулі жұмыс атқарылды

      Соңғы он жылда Қазақстанда елдің экономикалық өрлеуін қамтамасыз еткенелеулі реформалар жүргізілді, алайда, Қазақстанның экономикасы әлі де табиғат ресурстарына тәуелді және тиісінше сыртқы экономикалық күйзелістерге бейім. Қазақстан Республикасының Үкіметі қосылған құны жоғары өнімді өндіретін, ғылымды қажет ететін салаларды құру мақсатында экономиканы әртараптандыруға дайындығын білдірді.
      Іскерлік ахуалды, сондай-ақ инвестициялық және сауда перспективаларын жақсарту үшін маңызды реформаларды жүргізу қажеттілігі сақталады. ЭЫДҰ Орталық Азия елдері бойынша Бастама шеңберінде (ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша бағдарламасына кіреді) соңғы төрт жыл ішінде осы реформаларды қолдау үшін «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы» жобасын (бұдан әрі – СБҚАС) жүргізуде.
      Жобаның мақсаты экономиканың басым салаларын айқындау және жобаны іске асыру барысында айқындалған жекелеген саяси кедергілерден өту есебінен салалық бәсекеге қабілеттілікті арттыру болды.

СБҚАС-тың жаңа жобасы – іске асыруда қолдау («Жоба»)

      Жаңа СБҚАС (2014– 2015 жылдар) үш түйінді бағыт: ақпараттық технологиялар (бұдан әрі – АТ), агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК), сондай-ақ инвестициялық саясатты және капитал салымдарын тарту бойынша нысаналы саяси бастамаларды іске асыруда қолдау көрсетеді. ЭЫДҰ тәжірибесі орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін реформистік бастаулардың негізгі екі қағидатқа негізделуінің аса маңызды екенін көрсетеді:
      1) салалық реформаларды жүргізу;
      2) инвестициялық әлеуетті арттыру.
      Жоба шеңберіндегі жұмыс осы екі қағидатты ескере отырып, жүргізілетін болады. Мақсаттардың, күтілетін нәтижелер мен іс-қимылдардың барынша егжей-тегжейлі сипаттамасы төменде ұсынылған.
      СБҚАС жобасы бар мемлекеттік құрылымдар тартылып және осы уақыт аралығында құрылған қатынастарды пайдалана отырып, алдыңғы жобаның барысында жүргізілген талдаулардың қорытындысына негізделеді.
      Жобаны іске асыруды айқындайтын бастапқы ережелер:
      1) Қазақстандағы түйінді мүдделі тараптармен, оның ішінде жеке сектормен тығыз қарым-қатынастар;
      2) қабылданып жатқан шаралардың қайталануын болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі, жеке сектор немесе халықаралық ұйымдар жүзеге асырып жатқан басқа бастамалармен келісілуі;
      3) ЭЫДҰ-ның Инвестициялық комитетінің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жалпы ұсынымдарымен келісілуі.
      Елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін пилоттық бағдарламалар мен әлеуетті арттыруға негізделген практикалық тәсіл қабылданатын болады.

2. Жобаның сипаттамасы

      1. Жалпы ұзақтығы – 24 ай.
      2. Жалпы құны – 1 500 000 евро.
      3. Жалпы мақсат: Экономикалық реформаларды жүргізуге жәрдем көрсету арқылы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
      4. Нақты мақсаттар:
      1) қажет болған жағдайда ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің тәжірибесін және халықаралық салыстырмалы зерттеулердің деректерін тарта отырып, бағдарламаларды іске асырудың табысты тәжірибесі туралы ақпаратты ұсыну;
      2) адами капитал мен қаржыландыруға қолжетімділікке ерекше көңіл бөлінетін салалық саясы реформалар бойынша ұсынымдар әзірлеу;
      3) экономика салаларының өзіне тән ерекшеліктерін есепке ала отырып және ЭЫДҰ Инвестициялық комитетінің ұсынымдарына сәйкес инвестициялық саясатты реформалау бойынша ұсынымдар әзірлеу;
      4) салалық және инвестициялық реформаларды әзірлеу және іске асыру үшін, атап айтқанда, әдістемелер мен құралдарды жүйелі түрде беру есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуетін дамыту.
      5. Күтілетін нәтижелер:
      1) жергілікті жеке секторды одан әрі дамытуға ықпал ететін салалық саяси реформалар өткізу есебінен бәсекеге қабілеттілікті арттыру;
      2) шетелдік инвестицияларды тартуды оңтайландыру есебінен олардың көлемін арттыру және әртараптандыру;
      3) әдістемелер мен құралдарды беру, қызметкерлердің дайындығын жақсарту және мемлекет пен жеке сектор арасындағы диалогты күшейту арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуетін арттыру.
      6. Негізгі шаралар
      Барлық іс-қимылдар бірінші жоба (бұл жерде және бұдан әрі 2009 – 2013 жылдардағы «Тікелей шетелдік инвестициялар үшін қазақстандық ресурстарды әртараптандыру және секторалдық инвестицияларды дамыту бойынша бағдарламаларды жетілдіру» жобасы туралы айтылады) барысында жүргізілген, алынған және құрылған талдау, тәжірибе мен нұсқауларға негізделетін болады.

      Салалық реформаларды жүргізуге жәрдемдесу

      Ақпараттық технологиялар
      1-шара: АТ мамандарының білімі мен кәсіби даярлығын дамытуды қолдау.
      2-шара: мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыруға ықпал ететін іс-шаралар өткізу есебінен АТ секторында адами капитал мен кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік бастамаларды қолдау.
      3-шара: қол жеткізілген нәтижелерді қарау және талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдарды әзірлеу.

      Агроөнеркәсіптік кешен
      1-шара: Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігіне АӨК кәсіпорындары үшін кредит кепілдіктерінің жүйесін енгізуде жәрдемдесу.
      2-шара: АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін оңайлату бойынша мемлекеттік бастамаларды қолдау және саясаттың басқа салаларында АӨК үшін әзірленген ұсынымдарды іске асыруда жәрдемдесу.
      3-шара: қол жеткізілген нәтижелерді қарау және талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдарды әзірлеу.

      Инвестицияларды тартуға бағытталған реформаларды жүргізуге жәрдемдесу.
      1-шара: агроөнеркәсіптік кешенге инвестицияларды тартудың салалық әдістемесін қолдану.
      2-шара: инвестициялар тарту жөніндегі агенттік қызметінің салалық мамандануын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
      3-шара: инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық шараларды, әсіресе ұйымдастыру мен басшылыққа қатысты бөлігінде бағалау.
      4-шара: қол жеткізілген нәтижелерді қарау және талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдарды әзірлеу.

3. Жоспарланған шаралар мен әдістеменің сипаттамасы

      1. Жобаның мәнмәтіні мен мақсаттары

      Соңғы он жылда Қазақстанда Беларусь, Қазақстан және Ресей арасында Кеден одағына енуді қоса алғанда, елдің экономикалық өрлеуін қамтамасыз еткен елеулі реформалар жүргізілді. Кейбір процестер орталықтандырылған экономикадан нарықтық экономикаға одан әрі көшуді белгіледі (мысалы, көрсетілетін қаржы қызметтерінің нарықтық секторын құру, энергетикалық саланы жекешелендіру, мемлекеттік қызметті реформалау және Ұлттық мұнай тұрақтандыру қорын құру). Алайда, Қазақстанның экономикасы әлі де табиғи ресурстарға байланысты және тиісінше сыртқы экономикалық күйзелістерге бейім болады. Экономиканың елеулі өсуіне және тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің ұлғаюына қарамастан, ел алдында әлі де экономиканы әртараптандыру, мұнай емес экспорттың бәсекеге қабілеттілігі және табыс деңгейіндегі айырмашылықтар сияқты бірқатар проблемалар тұр.
      Іскерлік ахуалды, сондай-ақ инвестициялық және сауда перспективаларын жақсарту үшін реформаларды жүргізу қажеттілігі сақталады. Қазақстанға оның іскерлік ахуалды реформалау бойынша бастамаларында көмектесу және инвестициялар мен сауда үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруда жәрдем көрсету мақсатында ЭЫДҰ Орталық Азия елдері бойынша бастама шеңберінде (ЭЫДҰ Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша бағдарламасына кіреді) соңғы төрт жыл ішінде «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы» жобасын жүргізуде.
      СБҚАС жобасының мақсаты Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру мақсатында бірінші жобада ұсынылған реформаларды тұрақты өткізуді қамтамасыз ету және мемлекеттік процестерге өзгерістерді әзірлеу және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қосу болып табылады.
      ЭЫДҰ әдістемесі мен тәжірибесін, сондай-ақ бірінші жобаны іске асыру барысында, сондай-ақ ЭЫДҰ қатысушы елдердің ауқымды тәжірибесінен алынған мәліметтерді беру Қазақстан Республикасының Үкіметіне қажетті реформаларды өткізуге мүмкіндік береді. Жоба екі қағидатқа негізделетін болады:

      Салалық реформаларды жүргізуге жәрдемдесу

      АТ дамытуға бағытталған реформаларды жүргізуге қатысатын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі:
      1) АТ саласында дағдыларды дамыту мақсатында, АТ мамандарына білім беру және оларды даярлау жүйесін әзірлеуге ерекше назар аудара отырып, Бағдарлама үшін алдын ала жағдайларға баға бере алады;
      2) Бағдарламаны іске асыруды қолдай алады;
      3) АТ саласында адами капиталды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік саясатты әзірлей алады және іске асыра алады;
      4) іске асырудың нәтижелерін және қол жеткен жетістіктерді бағалай алады;
      5) АТ саласын дамыту жөніндегі саясатты әзірлеу мен іске асыруда мүмкіндіктерді кеңейте алады.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      1) АӨК кәсіпорындары үшін кредит кепілдіктері жүйесін енгізе алады;
      2) АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін оңайлату және жалпы АӨК-ны дамыту үшін неғұрлым сауатты саяси шараларды әзірлей және қабылдай алады;
      3) технологияларды берудің және әлеуетті арттырудың арқасында қол жеткізілген және алынған мүмкіндіктер мен нәтижелерге негізделе отырып, болашақ бастамаларды қалыптастыра алады.

      Инвестицияларды тартуға бағытталған реформаларды жүргізуге жәрдемдесу

      «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KAZNEX INVEST» ЭИҰА» АҚ):
      1) агроөнеркәсіптік кешенге қатысты инвестицияларды тартудың салалық әдістемесін қолдана алады;
      2) инвестицияларды тарту жөніндегі қызметтің салалық мамандануын күшейту үшін өзінің ұйымын оңтайландыра алады;
      3) технологияларды берудің және әлеуетті арттырудың арқасында қол жеткізілген және алынған мүмкіндіктер мен нәтижелерге негізделе отырып, болашақ бастамаларды қалыптастыра алады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) оңтайлы саяси шараларға және оның тиімділігін арттыру және салалық мамандануды күшейту мақсатында инвестицияларды тарту жөніндегі қызметті басқаруға басқа жақтан қарай алады;
      2) технологияларды берудің және әлеуетті арттырудың арқасында қол жеткізілген және алынған мүмкіндіктер мен нәтижелерге негізделе отырып, болашақ бастамаларды қалыптастыра алады.

      Жоба үлгілік талдау жұмыс шеңберінен шығады және:
      1) тиісті ведомстволарға бірінші жобада ұсынылған, атап айтқанда ЭЫДҰ-ның инвестициялық комитетінің инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі ұсынымдарына сәйкес саяси реформаларды жүргізуге жәрдемдеседі;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметін белгілі талдаулар, ситуациялық зерттеулер мен бағдарлы көрсеткіштер бойынша ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оған әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді;
      3) қол жеткізген нәтижелерге баға береді және іске асыруға жәрдемдесу жоспарын ұсынады;
      4) саяси тәжірибені белгілі мекемелерге беруге жәрдемдеседі.

      2. Табысқа жетудің түйінді факторлары
      СБҚАС жобасын табысты іске асырудың түйінді факторларына:
      1) пилоттық жобалардың нәтижелерін пайдалану және оларды әділ бағалау;
      2) реформалауға ықпал ететін өмірге бейімді және тиімді институционалдық құрылымдарды қалыптастыру жатады.

      Пилоттық жобалардың нәтижелерін пайдалану
      ЭЫДҰ әдістемесі халықаралық тәжірибені зерделеумен қатар пилоттық жобалардың нәтижелерін пайдалануды және олардың Қазақстандағы нақты жағдайларға бейімделуін көздейді. Пилоттық жобалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан елеулі уақыт және еңбек шығындарын талап етеді және егжей-тегжейлі саяси және институционалдық талдауларды өткізуге, сондай-ақ ұлттық деңгейде үйлестіру процестерін іске асыруға әкеп соғады. Жобаның әр қағидаты бойынша жүзеге асырылатын нақты іс-қимылдардың толық сипаттамасы төменде берілген. Дайындық кезеңі ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық қажетті талдау және институционалдық жағдайлардың болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Өмірге бейімді және тиімді институционалдық құрылымдарды қалыптастыру
      Жобаның аяқталуымен жойылмайтын өмірге бейімді институттарды, тетіктерді және процестерді қалыптастыру таңдалған тәсілдің түйінді элементі болып табылады. Жоба шеңберінде құрылымдарды құру кезінде мүмкіндігінше бар ведомстволар мен бастамалар ескерілетін болады. Осылай, бірінші жобада жүргізілген жұмыстың оң нәтижелері болуы үшін басқару құрылымдары өзгеріссіз қалады. Қазақстан Республикасының Үкіметі шеңберінде үйлестіру:
      1) жоғарыда сипатталған жұмыстың үш бағытын қамтитын үш жұмыс тобының:
      - Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі жұмыс тобының;
      - АТ үшін адами капитал жөніндегі жұмыс тобының;
      - Инвестициялық саясат және капитал салуды тарту жөніндегі жұмыс тобының есебінен қамтамасыз етілетін болады.
      Министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың, жеке сектордың өкілдері, сондай-ақ арнайы сарапшылар мен Еуразия ЭЫДҰ жобалық командасы жұмыс топтарының мүшелері болып табылады.
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері және ЭЫДҰ Жобалық командасының жетекшілері мүшелері болып табылатын Жобаның басқару комитетінің есебінен қамтамасыз етіледі. Комитет Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің төрағалығымен жұмыс істейтін болады.

      3. Дайындық шаралары

      Дайындық шараларына ерекше мән беріледі. СБҚАС жобасы бірінші жоба барысында жүргізілген талдау мен белгіленген нұсқаулыққа негізделетін және бірнеше түйінді элементке шоғырланатын болады.
      Дайындық шаралары Жобаның алғашқы алты айы ішінде қабылданады және ЭЫДҰ қажетті тобын қалыптастыруды, жергілікті консультанттарды іріктеуді, түйінді мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз етуді және оларды Жоба бойынша нақты жоспарлар туралы хабардар етуді көздейді:
      1) ЭЫДҰ жобасын басқару жөніндегі бөлімшені қалыптастыру. ЭЫДҰ-ның Жеке секторды дамыту жөніндегі бөлімінің қызметкерлерінен құрылған бұл құрылым іс-қимылдардың егжей-тегжейлі әзірленуіне және іске асырылуына жауап беретін болады;
      2) өңірлік және халықаралық консультанттарды іріктеу. ЭЫДҰ жобасын басқару жөніндегі бөлімше оның қадағалауымен: (і) жоба шеңберінде жүзеге асырылып жатқан іс-қимылдарды үйлестіруге көмек көрсететін және (іі) екі айқындалған қағидат негізінде шараларды қабылдау үшін қажетті деректерді жинауға жәрдемдесетін консультанттарды іріктеп алады;
      3) хабардар ету және түйінді мүдделі тараптардың қолдауды қамтамасыз етуі. ЭЫДҰ жобасын басқару жөніндегі бөлімше Жобаға қатысатын мекемелердің өкілдерімен кездесу үшін Қазақстанға келетін болады. Сапар оларды Жоба туралы хабардар етуге, ең жоғары деңгейдегі саяси қолдауға келісім алуға және жобаның жетістігін қамтамасыз ету үшін ведомстволардың өзара іс-қимыл жасасуға дайындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Осы кездесудің мақсаты басымдықтар мен күтілетін нәтижелерді келісу болып табылады;
      4) Жобаны іске асыру жоспарларын айқындау. Алдыңғы жұмыстың нәтижелері және түйінді мүдделі тараптармен талқылау ЭЫДҰ-ға Жоба шеңберінде қабылдануы қажет іс-қимылдардың егжей-тегжейлі тізбесін; Жобаның әдістемесін; пайдалануға жоспарланып отырған нақты институционалдық тетіктерді; сондай-ақ түрлі әріптестер мен білуге тиісті қосымша бағдарламаларды айқындауға мүмкіндік береді.
      Министрліктер мен ведомстволардың ғимараттарына қолжетімділік.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңа СБҚАС жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқан қазақстандық сарапшылардың, ЭЫДҰ консультанттары мен қызметкерлерінің тиісті министрліктер мен ведомстволарға кіруіне рұқсат беретін болады. Осы адамдардың есімдері Қазақстанның тиісті биліктеріне мүмкін болғанынша алдын ала хабарланатын болады.
      Кеңсе үй-жайлары.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаның Ақпараттық технологиялар және Инвестициялық саясат және Капитал салымдарын тарту шаралары бойынша жұмыс жасайтын жоба командасына кеңсе үй-жайларын, үстел, компьютер және Интернетке қолжетімділік, принтер және телефон беретін болады.
      Ақпараттық техникаға, баспаға және телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі жоғарыда көрсетілген команданың кеңседе болған кездегі жұмысымен байланысты шығыстарын өтейді. Кез келген басқа шығыстарды тараптар олар пайда болғанға және тараптардың кез келгенінен өндіріп алғанға дейін келісіп алуға тиіс.

      Салалық реформаларды өткізуге жәрдемдесу

      Ақпараттық технологиялар

      Анықтамалық ақпарат
      ЭЫДҰ тәжірибесі адами капитал экономиканың барлық салаларындағы, әсіресе егер олар ғаламдық қосылған құн тізбегінің бір буынына айналуды жоспарлайтын болса, негізгі проблема болып табылатынын көрсетеді. Машықтардың болмауы бәсекеге қабілеттілікке теріс әсер етеді, операциялық шығындарды көбейтеді, шығарылатын өнімнің сапасын төмендетеді және іскерлік мүмкіндіктерді жоғалтуға әкеп соғады. Институцияландыру тетіктері және экономика, еңбек және жұмыспен қамту министрліктері арасындағы сұхбат көбінесе шектеулі сипатта болады. Бұл еңбек нарығындағы сұранысты тиімді қанағаттандыру мүмкіндігін азайтады. Сонымен бірге, мемлекет қаржыландыратын кейбір бастамалар, реформаларды қабылдау үшін қажетті саяси қолдауды шектей отырып, реформалау процесіне мүдделі тараптардың бәрін бірдей қамтымайды.
      Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламалары кадрлық әлеуетті дамытудың, әсіресе ғаламданған технологиялық салаларда дамытудың маңызды құралы болып табылады. Бірінші жоба барысында АТ бойынша Жұмыс тобы Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламасының қазақстандық үлгісін мынадай әдістемеге сәйкес талқылады.

Ұсынылып отырған Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламасының 6-модульдік құрылымы

Модульдер

Модульдердің мақсаттары

1.

Салалық дерекқорды жасау және жергілікті АТ компанияларды іріктеу

- АТ саласында жұмыс істейтін жергілікті шағын және орта кәсіпорындар туралы хабардар болуды арттыру;
- Саладағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестікті орнатуға жәрдемдесу;
- Жетілудің ең жоғары әлеуетіне ие ШОК іріктеу;

2.

Жергілікті АТ компанияларын бағалау

- Іріктелген ШОК-тың техникалық және басқару саласындағы әлсіз жақтарын бағалау;

3.

Техникалық оқыту

- АТ секторынан таңдап алынатын ШОК-тың техникалық дағдыларын қалыптастыру;

4.

Бизнес және басқару саласында оқыту

- АТ секторынан таңдап алынатын ШОК-тың жетіспейтін іскерлік және басқару дағдыларын қалыптастыру;

5.

Шетелде тағылымдамадан өту және тәжірибе алмасу бағдарламалары

- Шетелдік және отандық компаниялар арасында терең, ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды құру;
- Техникалық және/немесе әлеуметтік дағдыларды, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерді дамыту;

6.

Ілгерілету және маркетинг

- Бағдарламаның ұзақ мерзімді тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында оған қызығушылықты арттыру;
- Қолдау көрсетіліп отырған компаниялардың табысқа қол жеткізуіне көмектесу мақсатында оларды ілгерілету;


Жалпы үйлестіру

- Бағдарлама ресурстарын басқару және берілген мерзімдерде Бағдарлама мақсаттарына қол жеткізу мақсатында қабылданып жатқан шараларды үйлестіру.

      Нәтижелер

      Жоба қызметінің негізгі нәтижесі бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және АТ секторында бизнесті дамытуға қосқан үлес болып табылады. Осыған:
      1) АТ саласында дағдыларды дамыту мақсатында, АТ мамандарына білім беру және оларды даярлау жүйесін әзірлеуге ерекше назар аудара отырып, Бағдарлама үшін алдын ала жағдайларға баға беру;
      2) Бағдарламаны іске асыруды қолдау;
      3) АТ саласында адами капиталды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;
      4) іске асырудың нәтижелерін және қол жеткен жетістіктерді бағалау;
      5) АТ саласын дамыту жөніндегі саясатты әзірлеу мен іске асыруда мүмкіндіктерді кеңейту есебінен қол жеткізілетін болады.

      Шаралар:

      1-шара: АТ мамандарының білімі мен кәсіби даярлығын дамытуды қолдау.
      Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламасының 2, 3 және 4-модульдеріне сәйкес оны табысты іске асырудың негізгі шарты ретінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігіне:
      1) АТ мамандары үшін кәсіби стандарттарды әзірлеуге;
      2) кәсіби стандарттарға сәйкес білім беру стандарттары мен оқу жоспарларын әзірлеуге;
      3) кәсіби даярлықты бағалау және біліктілікке сәйкестікті растау жүйесін құруда қолдау көрсететін болады.

      2-шара: АТ секторында адами капиталды және кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі әрбір мемлекеттік бастамаларды мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыруға ықпал ететін іс-шараларды өткізу арқылы қолдау.
      1) ЭЫДҰ-ға қатысушы елдер мен басқа өңірлердегі АТ секторында адами капиталды және кәсіпкерлік қызметті ойдағыдай дамытудың мысалдарын ұсыну;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі қарайтын саяси өзгерістерді талдау;
      3) ЭЫДҰ-ның мамандарын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік сарапшыларды тарту.

      3-шара: қол жеткізілген нәтижелерді қарау және талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау жөніндегі нақты ұсынымдар әзірлеу.
      1) нәтижелерді қарау және талдау. Қол жеткізілген нәтижелер мен туындаған проблемаларға жүйелі түрде талдау жүргізілетін болады. Жоғарыда көрсетілген іс-қимылдарды жүзеге асырумен қатар фактілерді жинау жүргізілетін және тиісті таныстыру семинарларында оларды кешенді талдау жүзеге асырылатын болады;
      2) одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу. Одан әрі реформалау бойынша ұсынымдар жүзеге асырылған іс-қимылдар мен алынған нәтижелерді талдау негізінде әзірленетін болады.

      Күтілетін қорытындылар

      1. Жұмыс тобының алты отырысының хаттамалары: жұмыс тобының тұрақты отырыстарын ұйымдастыру жобаның негізгі қорытындыларының бірі болады. Олар қабылданатын шаралар мен жұмыс бағдарламасын талдауға, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен өңірлік қатысушыларға салалық білімі мен тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді. Отырыстардың күн тәртібі мен хаттамаларында АТ секторында адами капиталды дамытуды жақсарту саясатының іске асырылу барысына баға берілетін болады.
      2. Бір таныстыру семинары: семинарлар шетелдік сарапшыларға өңірлік қатысушылармен ЭЫДҰ-ның АТ секторында кадрлардың біліктілігін арттыру саласындағы озық тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді.
      3. Бір қорытынды есеп: есепте жобаның АТ секторындағы адами капиталды дамытуға қатысты негізгі қорытындылары шығарылып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің одан әрі іс-қимылдары бойынша ұсынымдар берілетін болады.

      Агроөнеркәсіптік кешен

      Анықтамалық ақпарат

      Бірінші жоба шеңберінде Қазақстанның АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін шектейтін негізгі факторлар анықталды. Олардың ішінде: «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының нарықтағы басым жағдайы, банктер мен АӨК қарызгер кәсіпорындарының арасындағы ақпараттық ассиметрия, жоғары операциялық шығындар, сондай-ақ жоғары тәуекелдер мен АӨК-тің төмен инвестициялық тартымдылығы.

      Нәтижелер

      Агроөнеркәсіптік кешенде бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жеке бизнесті дамыту төменде сипатталған іс-қимылдардың негізгі нәтижесі болады. Осы мақсатқа қол жеткізу тәсілдері:
      1) АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін оңайлату үшін кредиттік кепілдемелердің пилоттық жүйесін енгізу және оны бағалау;
      2) АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін оңайлату бойынша сауатты саяси шараларды, сондай-ақ, инфрақұрылымды, білімді тарату бағдарламаларын және ауылдық кооперативтерді қоса алғанда, жалпы АӨК-ны дамытуға бағытталған басқа да саяси шараларды әзірлеу және қабылдау;
      3) іске асыру нәтижелері мен қол жеткізілген жетістіктерді әділ бағалау;
      4) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған саяси шараларды әзірлеу және іске асыру үшін әлеуетті арттыру;
      5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жеке сектор арасындағы саяси диалогты күшейту.

      Шаралар

      1-шара: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне АӨК кәсіпорындары үшін кредиттік кепілдіктер жүйесін енгізуге жәрдемдесу.
      1) АӨК кәсіпорындары үшін кредиттік кепілдіктер жүйесін түпкілікті әзірлеу мен енгізуге жәрдемдесу. ЭЫДҰ-ның жобаны басқару жөніндегі бөлімшесі әдістеме мен халықаралық бағдарлы көрсеткіштер бойынша ақпаратты ұсынып, әлеуетті арттыруға көмектесіп және нақты іс-қимылдар жоспарларын ұсынып, жүйені енгізуге жәрдемдесетін болады;
      2) іске асыру стратегиясын талқылау. ЭЫДҰ іске асыру стратегиясын қарайды және қажет болған жағдайда өз түзетулерін ұсынады;
      3) кредиттік кепілдіктер жүйесін енгізу процесі мен алғашқы жұмыс нәтижелерін бағалау. ЭЫДҰ кредиттік кепілдіктер жүйесін оны іске асыру аспектілеріне, Қазақстан ұсынған материалдар мен ақпаратқа сүйене отырып, бағалайды және өз түзетулерін ұсынады.
      2-шара: АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін оңайлату бойынша мемлекеттік бастамаларды қолдау және АӨК үшін саясаттың басқа салаларында әзірленген ұсынымдарды іске асыруға жәрдемдесу.
      1) ЭЫДҰ-ға қатысушы елдерде және оның құрамына кірмейтін мемлекеттерде қаржыландыруға қолжетімділікті оңайлату жөніндегі табысты тәжірибенің мысалдарын ұсыну;
      2) бірінші жоба кезінде (инфрақұрылым, ауылдық кооперативтер, білімді тарату бағдарламалары) қарастырылған АӨК саласындағы ЭЫДҰ-ға қатысушы елдерде және оның құрамына кірмейтін мемлекеттерде табысты саяси шаралардың мысалдарын көрсету;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі қарастырып отырған саяси өзгерістерді және бірінші жоба барысында қозғалған қаржыландыруға қолжетімділікті оңайлату және саясаттың басқа да бағыттары бойынша іс-қимыл жоспарларын талдау;
      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жауапты адамға Жұмыс тобын басқаруға және қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ кері байланысты қолдау және бірінші жобаның қорытындысы бойынша келісілген іс-қимылдар жоспарын мониторингілеу және орындау бойынша түсіндірмелерді ұсыну арқылы іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      5) ЭЫДҰ-ның мамандарын, сондай-ақ халықаралық немесе өңірлік сарапшыларды талдауға және, әсіресе кредиттік кепілдіктер жүйесіне қатысты қажетті шараларды қабылдауға жәрдемдесетін әлеуетті арттыру жөніндегі нақты ситуациялық зерттеулер мен іс-шараларға қатысуға тарту.

      3-шара: қол жеткізілген нәтижелерді қарау және талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу.
      1) нәтижелерді қарау және талдау. Қол жеткізілген нәтижелер мен туындаған проблемаларға жүйелі түрде талдау жүргізілетін болады. Соңғы алты ай ішінде жоғарыда көрсетілген үш іс-қимылға қатысты фактілерді жинау және оларға кешенді талдау жүргізілетін болады;
      2) одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу. Одан әрі реформалау бойынша ұсынымдар жүзеге асырылған іс-қимылдар мен алынған нәтижелерді талдаудың негізінде әзірленетін болады.

      Күтілетін қорытындылар

      1. Жұмыс тобының алты отырысының хаттамалары: жұмыс тобының тұрақты отырыстарын ұйымдастыру жобаның негізгі қорытындыларының бірі болады. Олар қабылданатын іс-шаралар мен жұмыс бағдарламасын талдауға, сондай-ақ шетелдік сарапшылар мен өңірлік қатысушыларға салалық білімі мен тәжірибесімен бөлісуге ықпал етеді. Отырыстардың күн тәртібі мен хаттамаларында АӨК кәсіпорындары үшін кредиттік кепілдіктер жүйесін енгізудегі жетістіктерге баға берілетін болады.
      2. Екі таныстыру семинары: семинарлар шетелдік сарапшыларға жергілікті қатысушылармен АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін оңайлату саласындағы озық тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік береді.
      3. Бір қорытынды есеп: есепте жобаның АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін оңайлатуға қатысты негізгі қорытындылары шығарылады, сондай-ақ одан әрі іс-қимылдар бойынша ұсынымдар беріледі.

      Инвестицияларды тартуға бағытталған реформаларды жүргізуге жәрдемдесу

      Анықтамалық ақпарат

      90-жылдардың басынан Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың құйылуы тұрақты өсіп келді және соңғы он жылда елде бұрын соңды болмаған ТШИ өсу қарқыны белгіленді. ТШИ-дің басым бөлігі мұнай өндіру салаларына, оның ішінде экономиканың осы саласын қамтитын түрлі қызмет түрлеріне, оның ішінде көлікке, көрсетілетін қызмет түрлеріне, инфрақұрылым мен машина жасауға бағытталады.
      Сонымен қатар, Қазақстан Беларусьпен және Ресеймен бірге Кеден одағын құрушылардың бірі болып табылады. Кеден одағының талаптарын сақтау мақсатында заңнамаға көптеген түзетулер енгізілді, оның ішінде тарифтік мөлшерлемелердің жаңа жүйесі қабылданды.
      Осының барлығы тиімді инвестицияларды тартуды қажет етеді. ЭЫДҰ-ға қатысушы елдер үкіметтерінің инвестицияларды тартуға бағытталған және экономиканың нақты салаларына инвестициялардың құйылуын ұлғайтудан, шетелдік инвесторлардың құқықтары мен міндеттемелерін қамтамасыз етуге дейінгі түрлі мақсаттарды көздеген реформаларды жүргізуде мол тәжірибесі бар. ЭЫДҰ Қазақстанның инвестициялық саясатына шолу жүргізіп, 2012 жылғы 15 наурызда аттас баяндаманы жария етті. Бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі, Еуропалық одақ және ЭЫДҰ арасындағы инвестициялық саясат тақырыбындағы диалогты тереңдете түсуге мүмкіндік берді.
      Бірінші жоба шеңберінде инвестицияларды тарту жөніндегі «KAZNEX INVEST» ЭИҰА» АҚ қазақстандық агенттігі қазіргі заманғы бөлшек сауда операторларының инвестицияларды тарту жоспарын іске асырды. «KAZNEX INVEST» ЭИҰА» АҚ қызметкерлері оған тұрақты есеп беріп отыратын, Инвестициялық саясат және капитал салымдарын тарту бойынша жұмыс тобының құрамына кіреді.

      Нәтижелер

      Осы қағидат бойынша қызметтің негізгі нәтижелері:
      1) инвестицияларды тартудың салалық әдістемесін агроөнеркәсіптік кешенге қолдану және ЭЫДҰ-ның Инвестициялық комитетінің жалпы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі ұсынымдарын іске асыруға жалпы қолдау көрсету;
      2) «KAZNEX INVEST» ЭИҰА» АҚ ұйымдастырушылық құрылымын инвестицияларды тартуға салалық тәсілге сәйкес оңтайландыру;
      3) ұйымдастыру және басқару тұрғысынан инвестицияларды тарту бойынша ұлттық жүйені жан-жақты бағалау;
      4) іске асыру нәтижелері мен қол жеткізілген жетістіктерді әділ бағалау;
      5) инвестицияларды тартуға бағытталған реформаларды әзірлеу және іске асыру үшін әлеуетті арттыру.

      Қызмет

      1-шара: инвестицияларды тартудың салалық әдістемесін агроөнеркәсіптік кешенге қолдану.
      1) ЭЫДҰ «KAZNEX INVEST» ЭИҰА» АҚ-ға агроөнеркәсіптік кешенге салалық әдістемені қолдануға жәрдемдеседі. Бұл әдістеме беруді, халықаралық бағдарлар туралы ақпаратты ұсынуды және нақты кезең-кезеңмен іс-қимыл жоспарларын ұсынуды, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның Инвестициялық комитетінің іскерлік ахуал бойынша жұмысын көздейді.
      2-шара: инвестицияларды тарту жөніндегі агенттік қызметінің салалық мамандануын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
      1) ЭЫДҰ инвестицияларды тарту жөніндегі ең үздік агенттіктердегі ұйымдастыру, басқару, негізгі сипаттамалар мен процестер бойынша қажетті бағдарлық көрсеткіштерді ұсынады;
      2) сонымен қатар, ЭЫДҰ инвестицияларды тарту жөніндегі агенттік қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға және машықтарын дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады.

      3-шара: инвестицияларды тарту бойынша, әсіресе, ұйымдастыру мен басқаруға қатысты ауқымды ұлттық шараларды бағалау.
      1) ЭЫДҰ халықаралық озық тәжірибеге негізделе отырып, инвестицияларды тарту бойынша жалпы күш-жігерді бағалайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, үкіметтік мекемелер мен мемлекеттік ұйымдардың тиісті рөліне ерекше назар аударылады;
      2) инвестицияларды тартудың стратегиялық мәселелері бойынша әлеуетті арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.

      4-шара: қол жеткізілген нәтижелерді қарау және талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу.
      1) нәтижелерді қарау және талдау. Қол жеткізілген нәтижелер мен туындаған проблемаларға жүйелі түрде талдау жүргізілетін болады. Соңғы алты ай ішінде жоғарыда көрсетілген үш іс-қимылға қатысты фактілерді жинау жүзеге асырылатын болады және оларға кешенді талдау жүргізіледі;
      2) одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу. Одан әрі реформалау бойынша ұсынымдар жүзеге асырылған іс-қимылдар мен алынған нәтижелерді талдау негізінде әзірленетін болады.

      Күтілетін қорытындылар

      1) Жұмыс тобының алты отырысының хаттамалары: жұмыс тобының тұрақты отырыстарын ұйымдастыру жобаның негізгі қорытындыларының бірі болады. Олар қабылданатын шаралар мен жұмыс бағдарламасын талдауға, сондай-ақ шетелдік сарапшылар мен жергілікті қатысушылар арасында салалық білімдермен және тәжірибемен алмасуға ықпал етеді. Отырыстардың күн тәртібі мен хаттамаларында агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тартудың салалық әдістемесін қолдану бойынша жұмыс барысы бағаланады.
      2) Бір қорытынды есеп: есепте жобаның инвестицияларды тартуға қатысты негізгі қорытындылары шығарылады, сондай-ақ одан әрі іс-қимылдар бойынша ұсынымдар ұсынылады.

4. Мерзімдері

      Жоба 24 ай ішінде іске асырылатын болады. Нақты шараларды орындау мерзімдері төмендегі кестеде берілген, алайда жобаның жүзеге асырылуына қарай өзгертілуі мүмкін.


1 жыл

2 жыл


1-т.

2-т.

3-т.

4-т.

1-т.

2-т.

3-т.

4-т.

Шаралар









Дайындық жұмыстары









Салалық реформаларды өткізуге жәрдемдесу









Ақпараттық технологиялар









1. АТ саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламасын іске асыру









2. АТ секторында адами капитал мен кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік бастамаларды қолдау









3. Қол жеткізілген нәтижелерді қарау және талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу.









Агроөнеркәсіптік кешен









1. Ауыл шаруашылығы министрлігіне АӨК кәсіпорындары үшін кредиттік кепілдіктердің жүйесін енгізуге жәрдемдесу.









2. АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін оңайлату бойынша мемлекеттік бастамаларды қолдау және АӨК үшін әзірленген басқа да ұсынымдарды іске асыруға жәрдемдесу.









3. Қол жеткізілген нәтижелерді қарау және талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу.









Инвестицияларды тартуға бағытталған реформаларды жүргізуге жәрдемдесу.









1. Агроөнеркәсіптік кешенге инвестицияларды тартудың салалық әдістемесін қолдану.









2. Инвестицияларды тарту жөніндегі агенттік қызметінің салалық мамандануын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.









3. Инвестицияларды тарту бойынша, әсіресе, ұйымдастыру мен басқаруға қатысты ауқымды ұлттық шараларды бағалау.









4. Қол жеткізілген нәтижелерді қарау және талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу.









5. Бюджет

      Жобада көзделген іс-қимылдарды орындауға арналған жалпы бюджет 1 500 000 евроны құрайды және мыналарды:
      1) ЭЫДҰ қызметкерлерінің және консультанттардың еңбекақысына шығындарды;
      2) кездесулерді ұйымдастыруға және көлік шығыстарына арналған шығындарды;
      3) әкімшілік шығындарды;
      4) өзге де шығыстарды қамтиды.

6. Қосымша

      Инвестициялық саясат

      ЭЫДҰ Қазақстанның инвестициялық саясатына шолудың (ИСШ) түпкілікті нұсқасын дайындады.

      ИСШ-да ЭЫДҰ-ның Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық саясатына көзқарасы жинақталған, бұл ретте мынадай аспектілерге ерекше назар аударылады:
      1) Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялар;
      2) Тікелей шетелдік инвестицияларды реттеу;
      3) Қазақстанның инвестициялық саясатының негіздері;
      4) Қазақстанда жауапты іскерлік мінез-құлықты дамытудың саяси құралдары.

      Сонымен қатар, ИСШ Қазақстанның инвестициялық саясатын одан әрі оңтайландыру бойынша ұсынымдарды қамтиды.

1-блок. Қазақстанның инвестициялық саясаты бойынша жалпы ұсынымдар 1. Жергілікті ресурстарды қолдануға қатысты талаптардың икемділігін, орындалу мүмкіндігін, аз шығындылығын және тұрақты бағалануын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдағы табиғи ресурстардан алынатын экономикалық пайданы кеңейтуге жиі назар аударады, ал жергілікті өндірістің үлесін арттыру саясаты ел басымдықтарының бірі болып табылады. Саудаға қатысы бар инвестициялық шараларға тыйым салатын Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы келіссөздер нәтижелері есепке алмай, жасалған талаптар кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін әкімшілік кедергілерді едәуір күшейтуі, сондай-ақ бизнесті жүргізу құнын өсіруі мүмкін. Жергілікті ресурстарды қолдануға және, бар болса, шетелдік мамандарды жұмысқа қабылдауға қатысты қағидалар икемді және ашық болуға тиіс, сондай-ақ жергілікті ұсынысты сапалы және сандық жағынан жақсартуға бағытталған тиімді саяси шаралармен толықтырылуға тиіс. Сонымен қатар, олардың тиімділігін тұрақты түрде бағалап отыру қажет.
2. Ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қозғайтын инвестициялық саясатты жүргізу саласындағы озық халықаралық тәжірибені ескеру. Ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғауды тоқтатпастан, Қазақстан саясатты инвестициялық ағындарға ықтималды теріс әсерді барынша азайтатындай етіп жүргізуге, сондай-ақ ЭЫДҰ Кеңесі 2009 жылғы мамырда қабылдаған ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қозғайтын Инвестициялық саясат жөніндегі ұсынымдарға сәйкес әділдік, үйлесімділік, ашықтық және есептілік қағидаттарын басшылыққа алуғатиіс.
3. Бәсекелестікті күшейту және қадағалау бойынша тәуелсіз салалық органды құру мақсатында телекоммуникациялар саласында реформалау бағдарламасын орындау.
4. Шетелдік инвесторлардың ауыл шаруашылық және орман алқаптарына қолжетімділігін оңайлату. Агроөнеркәсіптік кешен экономиканы әртараптандыру тұрғысынан басым сала болып табылады, алайда аталған қызмет саласы Ресей Федерациясы, Украина немесе орташа ЭЫДҰ бойынша қарағанда, Қазақстанда осы кезге дейін шетелдік инвестициялар үшін көптеген заңнамалық шектеулерді көздейді.
5. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі ірі қазақстандық банктердегі қатысу үлестерін мүмкіндігінше сату және шетелдік банктерге тиісті сауда-саттықтарға қатысуға мүмкіндік беру.
6. Инвестициялық ынталандырулардың, соның ішінде ерекше экономикалық аймақтардағы ынталандырулардың ашықтығы мен экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Қазақстан билігі инвестицияларды ынталандырудың қазіргі жүйелерін ЭЫДҰ-ның Шетелдік инвестициялар және халықаралық кәсіпорындар туралы декларациясының бір бөлігі болып табылатын және ынталандыруларды олардың ауқымы мен мақсаттарын айқындауға байланысты қиындықтар туғызбайтындай етіп барынша ашық етіп жасауды ұсынатын ЭЫДҰ-ның ынталандырулар мен қарсы ынталандырулар туралы құжаты тұрғысынан қайта қарау мүмкіндігін қарастыра алар еді. ЭЫДҰ-ның тікелей шетелдік инвестицияларды ынталандыру саясаты жөніндегі жаднамасында қолданыстағы ынталандыру жүйесінің шығындары мен пайдаларына мұқият талдау жүргізу жөнінде нұсқама беріледі.
Дереккөз: Қазақстанның инвестициялық саясатына шолу, 2012 жыл

      2011 жылғы желтоқсанда ЭЫДҰ-ның Инвестиция комитеті ИСШ-мен таныстырылды, соның арқасында ЭЫДҰ тұжырымдаған ұсынымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан қолдау тапты және неғұрлым проблемалы салалардағы өзгерістерді жоспарлауға әкелді.
      ИСШ-ның ресми тұсаукесері 2012 жылғы наурызда Астана қаласында өтті. Аталған іс-шара баспасөз конференциясымен сүйемелденіп, жоба туралы ақпаратты саясаткерлердің, инвесторлар мен кең жұртшылықтың назарына жеткізуге мүмкіндік берді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады