"Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2014 жылға қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 224 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 654 қаулысы

        РҚАО-ның ескертпесі!
        Осы қаулы 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2014 жылға арналған қаражатты бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 224 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «5.1-мақсат. Мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жолдың 4-бағандағы «8 590» деген сандар «8 931» деген сандармен ауыстырылсын;
      «5.1.4-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасында қайтымсыз шығындарды азайту» деген бөлімде:
      4-бағанда:
      реттік нөмірі 1-жолдағы «1 377 467» деген сандар «1 819 420» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 2-жолдағы «732 053» деген сандар «751 225» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
      «

3

Апаттар медицинасы қызметін көп бейінді госпитальмен жарақтандыру

ТЖМ

322 556

                                                              »;

      «Барлығы» деген жолдағы «2 868 744» деген сандар «3 652 766» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады