Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы азаматтарының ішкі корпоративтік ауысулар шеңберіндегі уақытша еңбек қызметі туралы келісімге қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 675 қаулысы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының
Үкіметі арасындағы Корея Республикасындағы Қазақстан
Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасындағы
Корея Республикасы азаматтарының ішкі корпоративтік ауысулар
шеңберіндегі уақытша еңбек қызметі туралы келісімге қол қою
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 маусымдағы №675 қаулысына баспасөз хабарламасы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы азаматтарының ішкі корпоративтік ауысулар шеңберіндегі уақытша еңбек қызметі туралы келісімге қол қоюды көздейді.
      Осы Келісім ішкі корпоративтік ауысулар шеңберінде осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген бір мемлекет азаматтарының басқа мемлекет аумағындағы уақытша еңбек қызметі мэселелерін реттейді.
      Сонымен бірге, Келісім мемлекеттердің мынадай азаматтарына қолданылады:
      1) аға менеджерлер - бірінші басшылар жэне олардың орынбасарлары;
      2) менеджерлер - қабылдаушы елдің заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелердің басшылары;
      3) мамандар - қабылдаушы елдің заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сэйкес келетін жэне кэсіптік білімі мен тэжірибесі, оның ішінде өндіріс, зерттеу, технология жэне менеджмент сияқты салаларда қажетті тэжірибесі бар мамандар;
      4) отбасы мүшелері - жұбайы (зайыбы) мен кэмелетке толмаған балалары, сондай-ақ жоғарыда аталған азаматтар алып жүретін асырауындағы адамдар.
      Келісімде жұмыс істеуге арналған рұқсаттар қабылдаушы елдің ұлттық заңнамасына сәйкес беріледі.
      Бұдан басқа, жұмыс істеуге арналған рұқсаттар 36 (отыз алты) айға дейінгі мерзімге берілетінін көздейді.

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз