"Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 730 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының
аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан
Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді
ратификациялау туралы

      2012 жылғы 7 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының
аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан
Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
      екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, олардың азаматтарының жол жүруін құқықтық реттеу мақсатында,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1992 жылғы 25 мамырдағы шарттың 13-бабын басшылыққа ала отырып,
      бір мемлекет азаматтарының екінші мемлекеттің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ниет білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1. Екінші Тараптың аумағында уақытша болатын бір Тараптың азаматтары болатын Тараптың құзыретті органдарында 30 күн ішінде тіркелу (болатын жері бойынша есепке қою) міндетінен босатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақытша болу мерзімі болатын Тараптың аумағына кіру кезінде қойылған шекаралық бақылау органдарының белгісі бар көші-қон картасымен расталған бір Тарап азаматының екінші Тараптың аумағына кірген күнінен бастап есептеледі.
      3. Бір Тараптың азаматы екінші Тараптың аумағында 30 күннен артық болған жағдайда, көрсетілген азамат болатын Тараптың заңнамасына сәйкес оның құзыретті органдарында тіркелуге (болатын жері бойынша есепке тұруға) міндетті.

2-бап

      Бір Тараптың азаматтары екінші Тараптың аумағында болған уақытта болатын Тараптың заңнамасын сақтауға міндетті.

3-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

4-бап

      1. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы тоқтату туралы екінші Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша жазбаша нысанда хабарлай отырып, осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. Бұл жағдайда мұндай хабарлама алынған күннен бастап 6 ай өткен соң осы Келісім қолданысын тоқтатады.
      3. Әрбір Тарап мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын сақтау мақсатында осы Келісімнің қолданысын толық немесе ішінара тоқтата алады. Қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа мұндай тоқтата тұруға дейін 72 сағаттан кешіктірілмей жіберіледі.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген себептер бойынша осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған Тарап осы Келісімнің қолданысын қайта жаңарту туралы екінші Тарапқа сондай тәртіппен хабарлайды.

      2012 жылғы 7 маусымда Астана қаласында, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы үшін        Ресей Федерациясы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады