Сербия Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 850 қаулысы

      Сербия Республикасындағы жағымсыз табиғи құбылыстар салдарынан болған әлеуметтiк-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Сербия Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ізгілік жүкті Сербия Республикасына межелі пунктіне дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны айқындасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 850 қаулысына  
қосымша        

Сербия Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін
шығарылатын материалдық құндылықтардың тізбесі

р/с

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1

Суға арналған ыдыс

дана

42

2

Жиналмалы металл төсегі

дана

1 000

3

4-орынды жазғы палаткалар

дана

170

4

Жастық

дана

2 500

5

Ақжайма

дана

5 000

6

Жастық тысы

дана

2 500

7

Матрас

дана

2 500

8

Асханалық шәйнек

дана

340

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады