Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 982 қаулысы

      «2014 - 2016 жылдарға республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне Қазақстан Республикасының Ұлттық пантеонына апаратын инженерлік желілер мен кірме жолдарды салу үшін нысаналы даму трансферттері түрінде Астана қаласының әкімдігіне аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 200000000 (екі жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2014 № 1398 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шығыстарды әкімшінің негіздейтін құжаттарды ұсыну шамасына қарай қаржыландыруды;
      2) бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөніндегі есеп берсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2014 № 1398 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады