Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 986 қаулысы

      «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Ақмола облысының Щучинск және Макинск қалаларында 2014 - 2015 жылдардағы жылыту маусымын үздіксіз өткізуді қамтамасыз ету үшін белгіленген қуаты 100 Гкал/сағ дейінгі қазандықтарға мазут сатып алуға Ақмола облысының әкімдігіне аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 915474300 (тоғыз жүз он бес миллион төрт жүз жетпіс төрт мың үш жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Ақмола облысының әкімі 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады