"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 682 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1019 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 682 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттама жобасында:
      2-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады