"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1049 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов

      Жоба
 

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 18, 644-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат;№ 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 69-құжат; 2014 жылғы 9 шілдедегі "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      839-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ядролық жарылыстың әсері;".
      2. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 39-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "39-тарау. Радиоактивті материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар";
      2) 270-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасына радиациялық қауіпсіздік нормаларында белгіленген алу деңгейлерінен жоғары радиоактивті заттарды қамтитын радиоактивті материалдарды, жартылай фабрикаттарды, шикізатты, жинақтаушы бұйымдарды әкелу Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебіне алынуға жатады.".
      3. "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-бапта:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "персонал - иондаушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін немесе жұмыс жағдайлары бойынша олардың әсер ету аясында болатын жеке тұлғалар;";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "пайдаланушы ұйым - атом энергиясын пайдалану объектілерімен жұмыс істеу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;";
      2) 8-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Пайдаланушы ұйымдар радиациялық қорғау сапасының қамтамасыз етілуіне өндірістік бақылауды жүргізеді.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Радиациялық қорғаудың қамтамасыз етілуіне өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары тиісті ұйымда радиациялық қауіпсіздік талаптарының, нормалардың, қағидалар мен гигиеналық нормативтердің, радиациялық қауіпсіздік қағидаларының, құрылыс нормалары мен қағидаларының, еңбекті қорғау қағидаларының, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өкімдік, нұсқаулық, әдістемелік және өзге де құжаттардың бұзылуын анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолданады.";
      3) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жоспарлау және шешімдерді қабылдау, көрсетілген шешімдердің тиімділігін талдау кезінде мемлекеттік органдар, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ пайдаланушы ұйымдар белгіленген радиациялық қауіпсіздік талаптарын, радиациялық қауіпсіздік саласындағы қағидалар мен гигиеналық нормативтерді қамтамасыз ету мақсатында радиациялық қауіпсіздікті бағалауды жүргізеді.";
      4) 10-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Пайдаланушы ұйымдар:";
      5) 16-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Пайдаланушы ұйымдарда:";
      6) 17-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "17-бап. Пайдаланушы ұйымдардың радиациялық авария кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері";
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Радиациялық, авария жағдайында пайдаланушы ұйым:";
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "радиациялық авария жойылғаннан кейін пайдаланушы ұйымдар аумағында радиациялық жағдайды қалпына келтіру жөніндегі шаралар қолдануға;";
      7) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-бап. Азаматтардың радиациялық қауіпсіздікке құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауіпсіздікке құқығы бар. Бұл құқық адамның организміне белгіленген нормадан жоғары иондаушы сәулеленудің радиациялық әсерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізумен, сондай-ақ азаматтар мен пайдаланушы ұйымдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындауымен қамтамасыз етіледі.";
      8) 22-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Пайдаланушы ұйымдар аумағында осы ұйымдардың лауазымды адамдарының талаптарын орындауға міндетті.".
      4. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
      12-баптың 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "35) мәліметтер алмасуды көздейтін, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдердің қолданылу аясына кіретін мәліметтерді және ашық көздерден немесе оларға еркін қол жеткізу арқылы алынуы мүмкін мәліметтерді қоспағанда, осындай жобалау, монтаждау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету және ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау бөлшектерін (элементтерін) қамтамасыз ету туралы мәліметтер;".
      5. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат):
      1) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "30-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      Қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар не оларды беруден уәжді бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
      Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не оларды беруден уәжді бас тарту "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде беріледі.
      Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты мен экспорты саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар осы Заңның 37-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімдерде береді.";
      2) 36-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің ерекше шарттары "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
      Лицензияға қосымшада лицензияны берудің ерекше шарттары ретінде лицензиат жұмыс жүргізетін аспаптар, қондырғылар, материалдар, заттар, қалдықтар түрі көрсетіледі.";
      3) жоғарыда көрсетілген Заңға 2-қосымшада:
      екінші санаттағы рұқсаттар тізбесінде:
      "1-сынып - "қызметке берілетін рұқсаттар" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 87-1-жолмен толықтырылсын:
      "
 
 

87-1

Ұйымдарды ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аккредиттеу

Ұйымдарды ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аккредиттеу туралы куәлік

Қолданылу мерзімі 3 жыл

   

      ";
      "5-сынып - "жеке тұлғаларға кәсіптік қызмет берілетін рұқсаттар" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 369-1-жолмен толықтырылсын:
      "
 
 


Атом энергиясын пайдалану саласындағы пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттау

Атом энергиясын пайдалану саласындағы пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттау туралы куәлік

Қолданылу мерзімі 3 жыл

   

      ".
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады