Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 1061 қаулысы

      «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Жезқазған және Геологиялық барлау кенттерінің тұрғындарын 1 кезеңде саны 48 отбасын көшіру үшін Сәтпаев қаласында тұрғын үйлер мен жеткізілетін инфрақұрылым салу үшін нысаналы даму трансферттері түрінде Қарағанды облысының әкімдігіне аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 999449000 (тоғыз жүз тоқсан тоғыз миллион төрт жүз қырық тоғыз мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады