"Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру" жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1099 қаулысы

      «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы іске асыратын «Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру» жобасын тиімді қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – «Даму» КДҚ» АҚ) және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамымен мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім жасассын;
      2) тартылатын қарыз бойынша «Даму» КДҚ» АҚ міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде қарыз туралы келісім жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша 22500000000 (жиырма екі миллиард бес жүз миллион) теңгеге балама сомаға АҚШ долларымен Азия Даму Банкіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілсін.
      2. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлiк қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен «Даму» КДҚ» АҚ-тың мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады