Байланыс формасы

"Astana Ballet" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 1112 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Аstana Ballet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Астана Балет» театры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 20 қазандағы
№ 1112 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 21-163-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-163. «Астана Балет» театры» ЖШС».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 224-33-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «224-33-2. «Астана Балет» театры» ЖШС».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 54-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «54. «Астана Балет» театры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады