"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1169 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын
алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары»
республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер
енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат; 2008 ж., № 42, 464-құжат; 2009 ж., № 33, 307-құжат; 2010 ж., № 39, 335-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат; № 32, 282-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      4-1-тармақ алып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс өткізу және лауреат атағын беру ережелерінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сыйлық алуға арналған конкурстың ұйымдастырушысы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережелерінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының (бұдан әрі - конкурс) ұйымдастырушысы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары (бұдан әрі - өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палаталары болып табылады.».
      Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мынадай функциялар жүктеледі:».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші абзацын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2014 жылғы « »      
№ Жарлығына    
ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2006 жылғы 9 қазандағы
№ 194 Жарлығына 
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының
лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық
көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның
құрамы

Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің Басшысы              - төраға

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі              - төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Техникалық реттеу және метрология
комитетінің төрағасы                          - хатшы

Комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
      «Сапа көшбасшылары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазақстан машина жасау одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
      «Қазақстан астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
      «Қазақстан тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
      «Қазақстан сүт одағы» қоғамдық бірлестігінің басқарма тең төрағасы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады