Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық, жергілікті және өзге мемлекеттік органдар, ұйымдар (келісім бойынша):
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1448 қаулысымен
бекітілген
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және
өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1180 қаулысымен.
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Ұйымдастыру-дайындық іс-шаралары |
||||||
1. |
Астана және Тараз қалаларында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған негізгі шараларды дайындау және өткізу жөніндегі тұжырымдаманы және іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қарауына енгізу |
тұжырымдама мен іс-шаралар жоспары |
МСМ, Жамбыл облысының әкімдігі, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы қаңтар |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
2. |
Қазақ хандығының 550 жылдығы логотипінің нобайын дайындау және бекіту |
логотип |
МСМ |
2015 жылғы қаңтар |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
3. |
Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу жөніндегі өңірлік жоспарларды әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша бекіту |
МСМ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы 20 қаңтар |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
4. |
Мерейтойлық іс-шараларға шақырылған шетелдік қонақтар мен журналистерге виза беру және аккредиттеу мәселелерін шешу |
визалар ресімдеу және аккредиттеу |
СІМ |
2015 жыл бойы |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
Ғылыми-талдамалық қолдау |
||||||
5. |
Студенттер арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тәуелсіздік толғауы» ұраны аясында Қазақстан тарихынан өңірлік олимпиада өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
БҒМ |
2015 жылғы сәуір |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
6. |
Б. Кәрібаевтың «Қасым хан. Тарих, тұлға, уақыт» әңгімесін DALSY және Брайль жүйесіне енгізу |
жүйені енгізу |
МСМ |
2015 жылғы мамыр |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
7. |
Алматы қаласында «Қазақ хандығының 550 жылдығы: тарихы және теориясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
БҒМ |
2015 жылғы маусым |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
8. |
«Ұлытау – ұлт ұясы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізу және «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы сапар-орталығының құрылысы аумағында тас қою |
ғылыми-практикалық конференция |
МСМ, Қарағанды облысының әкімдігі, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы маусым |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
9. |
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Алтай – Дунай» экспедициясын ұйымдастыру мәселесін қарау |
экспедиция |
МСМ, СІМ |
2015 жыл бойы |
** |
- |
10. |
Астана қаласында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында «Қазақ хандығы және тарихи сабақтастық мәселелері» атты Еуразиялық ғылыми форум өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
БҒМ, МСМ, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы қыркүйек |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
11. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1180 қаулысымен. |
|||||
12. |
Шығармашыл зиялылардың, қоғам қайраткерлерінің, ҚХА, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен «Халық бірлігі – ел бірлігі» өңірлік семинарын өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
Қостанай облысының әкімдігі, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы қазан |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
13. |
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық жас тарихшылар қауымдастығының ғылыми форумын өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
БҒМ |
2015 жылғы қараша |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
14. |
«Мәңгілік Ел» идеясы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Болашақ» жастар форумын өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
БҒМ |
2015 жылғы қараша |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
15. |
Жоғары оқу орындары студенттері арасында «Тәуелсіздік толғауы» тақырыбында ғылыми жұмыстар конкурсын өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
БҒМ |
2015 жылғы қараша |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
16. |
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциялар өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
БҒМ, ҚХА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жыл бойы |
- |
бюджеттен тыс қаражат, ЖБ |
17. |
«Тараз қалашығы» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне археологиялық зерттеулер жүргізу |
археологиялық зерттеулер |
МСМ, БҒМ |
2015 жыл бойы |
109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 164 315,0 |
РБ |
Мәдени-көпшілік және қоғамдық-саяси іс-шаралар |
||||||
18. |
Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік концерт, салтанатты жиын және «Мәңгілік Ел» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу |
мерекелік концерт, салтанатты жиын және конференция |
МСМ, БҒМ, ҚХА (келісім бойынша),Астана қаласының әкімдігі |
2015 жылғы қыркүйек |
012 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 834 985,1 |
РБ |
19. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1180 қаулысымен. |
|||||
20. |
Тараз қаласында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында республикалық ақындар айтысын өткізу |
республикалық ақындар айтысы |
Жамбыл облысының әкімдігі, МСМ |
2015 жылғы қазан |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
21. |
Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мәдени-спорттық және бұқаралық іс-шаралар өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
Жамбыл облысының әкімдігі, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы қыркүйек |
13 480 706* |
- |
22. |
Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қатысуы |
МСМ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы тамыз-қыркүйек |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
23. |
Тараз қаласында «Қазақ хандығына 550 жыл» монументін орнату және салтанатты ашу |
монументті ашу |
Жамбыл облысының әкімдігі, МСМ, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы қазан |
116 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 501 782,0 |
РБ |
24. |
Алматы қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған көрініс пен мерекелік концерт өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының әкімдігі, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы қыркүйек |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
25. |
С. Смағұловтың «Қазақ елі»; М. Ғабдрахымовтың «Көшпенділер» атты жеке көрмелерін өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
Ақтөбе облысының әкімдігі, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы ақпан желтоқсан |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
26. |
«Сұлтан Бейбарыс» спектаклін қою |
МСМ-ге ақпарат |
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, МСМ, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы сәуір |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
27. |
Қарағанды облысы Ұлытау ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық этнофестиваль өткізу мәселесін қарау |
этнофестиваль |
МСМ, Қарағанды облысының әкімдігі, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы мамыр |
** |
- |
28. |
Талдықорған қаласында «Қазақ хандығының шежіресі» облыстық суретшілер конкурсын өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
Алматы облысының әкімдігі, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы мамыр |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
29. |
Павлодар қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Елдіктің терең тамыры» облыстық ақындар мүшәйрасын өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
Павлодар облысының әкімдігі, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы мамыр |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
30. |
Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Бұланты шайқасы болған жерде стеланы салтанатты түрде ашу |
стеланы ашу |
МСМ, Қарағанды облысының әкімдігі, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы маусым |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
31. |
Астана қаласында Қазақстанның көркемөнер шығармаларынан «Атақты қазақ хандары» атты көрме өткізу |
көрме |
МСМ |
2015 жылғы маусым |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
32. |
Орал қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық дәстүрлі орындаушылар фестивалін өткізу мәселесін қарау |
халықаралық фестиваль |
МСМ, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі |
2015 жылғы II тоқсан |
** |
- |
33. |
Түркістан қаласында «Қазақ хандығының қалыптасуындағы Түркістанның орны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу мәселесін қарау |
халықаралық конференция |
МСМ, БҒМ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі |
2015 жылғы ІІ тоқсан |
** |
- |
34. |
Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған белгілі ағылшын композиторы, дирижері К. Дженкинстің қатысуымен концерт өткізу |
концерт |
МСМ, Алматы қаласының әкімдігі, «Тілеп» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры (келісім бойынша) |
2015 жылғы II тоқсан |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
35. |
Шығармашыл зиялылардың, қоғам қайраткерлерінің, ҚХА, ҮЕҰ өкілдерінің, жастар ұйымдарының қатысуымен Республикалық «Жерім менің» патриоттық әндер конкурсын өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
Ақтөбе облысының әкімдігі, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы ІІ тоқсан |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
36. |
Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы үшін «Қазақстан барысы» қазақша күрестен халықаралық турнир өткізу |
халықаралық турнир |
МСМ, Жамбыл облысының әкімдігі |
2015 жылғы қыркүйек |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
37. |
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына арналған өңірлік ақындар айтыстарын өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері |
2015 жылғы сәуір-тамыз |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
38. |
Шығыс Қазақстан облысында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумын өткізу мәселесін қарау |
халықаралық форум |
МСМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы тамыз |
** |
- |
39. |
Орал қаласында «Бес белес» тарихи драмасын қою |
МСМ-ге ақпарат |
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, МСМ |
2015 жылғы тамыз |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
40. |
Астана қаласында шет елдерде тұратын отандастар арасында халықаралық өнер фестивалін өткізу |
халықаралық фестиваль |
МСМ, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы қыркүйек |
021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының өзге де тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 15 836,0 |
РБ |
41. |
Шығармашыл зиялылардың, қоғам қайраткерлерінің, ҚХА, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен «Тарих және мәдениет» атты фестиваль өткізу |
фестиваль |
МСМ, ҚХА (келісім бойынша) С.Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры (келісім бойынша) |
2015 жылғы қыркүйек |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
42. |
Петропавл қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған көрініс өткізу мәселесін қарау |
театрландырылған көрініс |
МСМ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы III тоқсан |
** |
- |
43. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1180 қаулысымен. |
|||||
44. |
Талдықорған қаласында «Текті сөздің төресі – терме» республикалық терме конкурсын өткізу |
республикалық терме конкурсы |
МСМ, Алматы облысының әкімдігі |
2015 жылғы қазан |
021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының өзге де тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 9 478,0 |
РБ |
45. |
І. Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараны өткізу |
салтанатты іс-шара |
МСМ |
2015 жылғы қараша |
012 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 13 593,0 |
РБ |
46. |
«Тәуелсіздік толғауы» республикалық конкурсы аясында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған жаңа өнер туындыларын жасау |
жаңа өнер туындылары |
МСМ |
2015 жылғы IV тоқсан |
012 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 24 978,0 |
РБ |
47. |
Шығармашыл зиялылардың, қоғам қайраткерлерінің, ҚХА, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған музыкалық, әдеби кештер өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
МСМ, ҚХА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жыл бойы |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
48. |
Қазақстан мұражайларында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмелер ұйымдастыру |
МСМ-ге ақпарат |
МСМ, ҚХА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жыл бойы |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
49. |
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кітап көрмелерін өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
МСМ, ҚХА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жыл бойы |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
50. |
«Керей-Жәнібек», «Қазақ елі» спектакльдерін, «Қазақ хандығы» балетін қою |
спектакльдерді қою |
МСМ |
2015 жыл бойы |
013 «Театралдық-концерттік ұйымдардың қызмет етуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша |
РБ |
51. |
Көкшетау қаласында «Абылай», «Кенесары-Күнімжан», «Хан Абылай» тарихи драмаларын қою |
МСМ-ге ақпарат |
Ақмола облысының әкімдігі, МСМ |
2015 жыл бойы |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
52. |
Республикалық және облыстық театрларда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған спектакльдер қою |
МСМ-ге ақпарат |
МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жыл бойы |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
53. |
Шығармашыл зиялылардың, қоғам қайраткерлерінің, ҚХА, ҮЕҰ өкілдерінің, жастар ұйымдарының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған дөңгелек үстелдер өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, МСМ, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жыл бойы |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
54. |
Ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өткізу |
сайыстар |
МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жылғы IIІ тоқсан |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
55. |
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық және өңірлік спорт сайыстарын өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
МСМ, ҚХА (келісім бойынша), Атырау, Ақмола, облыстарының әкімдіктері |
2015 жыл бойы |
015 «Көпшілік спорт және ұлттық спорт түрлерін дамытуға қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 9 057,0; |
РБ, ЖБ, бюджеттен тыс қаражат |
Ақпараттық қолдау |
||||||
56. |
Мерейтой аясында өтетін шараларды белсенді ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету (республикалық және жергілікті БАҚ) |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жыл бойы |
көзделген қаражат шегінде |
РБ, ЖБ |
57. |
БАҚ жұмысында пайдалану үшін Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы тақырыбы бойынша республикалық, өңірлік деңгейде «оқиғалар қатарын» жасау |
ИДМ-ге ақпарат |
МСМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ИДМ |
2015 жылғы қаңтар |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
58. |
Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу тақырыбы бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу мәселелері жөнінде республикалық және өңірлік БАҚ басшыларымен кездесу өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы қаңтар |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
59. |
Қазақ хандығының 550 жылдығын насихаттауға маманданған журналистер тобын (республикалық және жергілікті БАҚ, блогерлер) қалыптастыру |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ, ОКҚ РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жылғы қаңтар |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
60. |
БАҚ-та, қазақстандық интернет-ресурстарда баяндама жасау және пікір білдіру үшін Парламент және мәслихат депутаттары, ҚХА, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар ұйымдары және т.б. арасынан спикерлер тізімін қалыптастыру |
МСМ-ге ақпарат |
МСМ, БҒМ, ҚХА (келісім бойынша) – қалыптастыру, ИДМ – сұхбат ұйымдастыру |
2015 жылғы қаңтар |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
61. |
ОКҚ алаңындағы брифингтер мен баспасөз конференцияларының кестесін қалыптастыру |
МСМ-ге ақпарат |
ОКҚ РММ (келісім бойынша), МСМ, БҒМ, ИДМ |
2015 жылғы қаңтар |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
62. |
Республикалық және өңірлік баспасөз, электронды БАҚ-та, ақпараттық агенттіктердің, интернет ресурстардың сайттарында Қазақ хандығының 550 жылдығы тақырыбы бойынша ортақ логотип пен ұрансөздер негізінде арнайы айдарлар ашуды және оларды контенттік толтыруды ұйымдастыру |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ, ОКҚ РММ (келісім бойынша), ҚХА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жыл қаңтар, одан әрі – жыл бойы |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
63. |
Республикалық және өңірлік БАҚ үшін Қазақ хандығының 550 жылдығы тақырыбы бойынша постерлер мен модульдерді дайындауды және таратуды ұйымдастыру |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ, ОКҚ РММ (келісім бойынша), МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жылғы қаңтар |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
64. |
Қазақ хандығының 550 жылдығы тақырыбы бойынша арнайы инфографикалар мен телеграфикаларды дайындауды әрі республикалық және өңірлік баспа, электронды БАҚ-та, ақпараттық агенттіктердің, интернет ресурстардың сайттарында орналастыруды қамтамасыз ету |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ, ОКҚ РММ (келісім бойынша), МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жылғы қаңтар |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
65. |
Мерейтой тақырыбы бойынша ақпараттық, анықтамалық және әдістемелік материалдарды дайындау және ұсыну арқылы БАҚ-та әдістемелік көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ, МСМ, БҒМ |
2015 жыл бойы |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
66. |
«Хабар», «Қазақстан» «Kazakh TV», «24kz», «Білім және мәдениет» телеарналарында студияларға ғалымдарды шақыра отырып, Қазақ хандығының тарихы жайлы деректі телефильмдерді көрсетуді қамтамасыз ету |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ, МСМ |
2015 жыл бойы |
көзделген қаражат шегінде |
РБ |
67. |
Баспа БАҚ-та арнайы беттерді ашуды қамтамасыз ету |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ |
2015 жыл бойы |
көзделген қаражат шегінде |
РБ |
68. |
Жарияланымдардың, теле және радио бағдарламалардың (ақпараттық, сараптамалық, интерактивтік), ақпараттық хабарламалардың, сөйлеген сөздердің, сұхбаттардың толық шығуын ұйымдастыру |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ |
2015 жыл бойы |
көзделген қаражат шегінде |
РБ |
69. |
Республикалық және өңірлік телеарналарда деректі фильмдерді ротациялауды ұйымдастыру |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жыл бойы |
көзделген қаражат шегінде |
РБ, ЖБ |
70. |
E-history», «Strategy2050», «Еl.kz» веб-сайттарында тақырыптық айдарлар ашу, оларды тұрақты түрде ақпараттық-анықтамалық материалдармен контенттік толтыруды қамтамасыз ету |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ |
ашылуы – қаңтар, одан әрі – жыл бойы |
көзделген қаражат шегінде |
РБ |
71. |
Интернет-сайттар мен әлеуметтік желілерде Қазақ хандығының 550 жылдығы тақырыбы бойынша республикалық телеарналар дайындаған түрлі жанрдағы бейнематериалдарды орналастыруды және ілгерілетуді қамтамасыз ету |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ, МСМ |
2015 жыл бойы |
көзделген қаражат шегінде |
РБ |
72. |
Қазақ хандығының 550 жылдығы тақырыбы бойынша БАҚ-тағы материалдарға мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ, ОКҚ РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жыл бойы |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
Имидждік және киноөнімдерді шығару |
||||||
73. |
Елді мекендерді сыртқы безендірудің идеологемасы мен эскиздерін әзірлеу |
сыртқы безендіру эскиздері |
МСМ |
2015 жылғы қаңтар |
- |
қаржыландыруды қажет етпейді |
74. |
Бұланты шайқасы туралы кітап басып шығару (деректі материалдар негізінде) |
кітап басып шығару |
МСМ |
2015 жылғы ІІ тоқсан |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
75. |
Қазақ хандығының құрылуына арналған кітап шығару |
МСМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының әкімдігі, МСМ |
2015 жылғы қыркүйек |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
76. |
Мерейтойлық пошта маркаларын шығару |
МСМ-ге ақпарат |
ИМД, МСМ |
2015 жылғы І тоқсан |
көзделген қаражат шегінде |
РБ |
77. |
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық монеталар шығару |
мерейтойлық монеталар |
ҰБ (келісім бойынша), МСМ |
2015 жылғы ІІ тоқсан |
ҰБ қаражаты есебінен |
- |
78. |
«Қазақ елі» тарихи-драмалық 10 сериялы телесериал шығару |
телесериал |
МСМ |
2015 жылғы желтоқсан |
011 «Ұлттық фильмдерді өндіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 475 205,0 |
РБ |
79. |
«Қазақ хандығына 550 жыл» деректі фильмін шығару |
деректі фильм |
МСМ |
2015 жылғы желтоқсан |
011 «Ұлттық фильмдерді өндіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 250 000,0 |
РБ |
80. |
«Қазақ елі» көпсериялы анимациялық фильмін шығару |
анимациялық фильм |
МСМ |
2015 жылғы желтоқсан |
011 «Ұлттық фильмдерді өндіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 375 000,0 |
РБ |
81. |
І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын басып шығару |
кітап басып шығару |
МСМ |
2015 жылғы қыркүйек |
018 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бюджеттік бағдарламасы бойынша 106 650,0 |
РБ |
82. |
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітап-альбомын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) басып шығару |
кітап-альбом |
МСМ |
2015 жылғы қыркүйек |
018 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бюджеттік бағдарламасы бойынша 43 193,0 |
РБ |
83. |
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотипті пайдалана отырып, түрлі кәдесый-имидждік өнімдерді (сыйға беретін медальдар, белгілер, әшекей т.б.) шығару мәселесін қарау |
кәдесый-имидждік өнімдер шығару |
МСМ, Жамбыл облысының әкімдігі |
2015 жыл бойы |
** |
- |
84. |
«Ұлы көш» көркем туындысын (картинасын) жасау |
картиналар жасау |
МСМ |
2015 жыл бойы |
014 «Тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 150 000,0 |
РБ |
85. |
«Қазақ хандығы» экспозициясын жасау мәселесін қарау |
экспозиция |
МСМ |
2015 жыл бойы |
** |
- |
86. |
Қазақ хандары портреттерінің галереясын жасау мәселесін қарау |
портреттер галереясы |
МСМ |
2015 жыл бойы |
** |
- |
Шетелдерде ұйымдастыру-ақпараттық жұмыстарын жүргізу |
||||||
87. |
Шетелдік БАҚ-та тақырыптық материалдарды және пікірлерді жариялауды ұйымдастыру |
МСМ-ге ақпарат |
СІМ, МСМ |
2015 жыл бойы |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
88. |
Қазақстанның шетелдегі елшіліктері мен дипломатиялық өкілдіктерінің сайттарында тақырыптық айдарлар ашу, толықтырып отыру, логотипті орналастыру |
МСМ-ге ақпарат |
СІМ, МСМ |
2015 жыл бойы |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
89. |
«Қазақстан достары» саяси клубтары, шетелдегі қазақ мәдениет орталықтары мен қоғамдары жұмыстарының аясында «Мәңгілік Ел» тақырыбы бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу |
МСМ-ге ақпарат |
СІМ, МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша) |
2015 жыл бойы |
- |
қаржыландыру талап етілмейді |
Тарихи-мәдени мұра объектілерін салу, реставрациялау және қорғау |
||||||
90. |
Тарихи жерлердің: Ұлытау, Түркістан, Сарайшық, Бозоқ, Берел және т.б. туристік бағыттарын әзірлеу |
МСМ-ге ақпарат |
ИДМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2015 жылғы ақпан |
қаржыландыру талап етілмейді |
|
91. |
Әбілхайыр хан мемориалдық кешенін салтанатты түрде ашу |
МСМ-ге ақпарат |
Ақтөбе облысының әкімдігі, МСМ, ҚХА (келісім бойынша) |
2015 жылғы қазан |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
92. |
«Көне Тараз» жобасын іске асыру (тарихи-мәдени этноорталығын, «Көне Тараз» музейін салу және Тараз қаласындағы драма театрының ғимаратын күрделі жөндеу) |
жобаны іске асыру |
Жамбыл облысының әкімдігі, МСМ |
2015 жыл бойы |
116 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 144 178,5 |
РБ |
93. |
«Тараз қалашығы» республикалық маңызы бар ескерткіш объектілерін консервациялау және «Көне Тараз» тарихи музейінің экспозициясын құру |
консервациялау және экспозиция құру |
МСМ, Жамбыл облысының әкімдігі |
2015 жыл бойы |
109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 850 323,5 |
РБ |
94. |
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде реставрациялау және консервациялау жұмыстарын жүргізу |
кесенені реставрациялау |
МСМ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі |
2015 жыл бойы |
008 «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін жаңғырту, салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 20 400,0 |
РБ |
95. |
Ежелгі Сауран ескерткіштерін реставрациялау және консервациялау |
ескерткіштерді реставрациялау |
МСМ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі |
2015 жыл бойы |
008 «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін жаңғырту, салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 15 400,0 |
РБ |
96. |
«Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы сапар-орталығы құрылысының дайындық жұмыстарын жүргізу |
дайындық жұмыстары |
МСМ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі |
2015 жыл бойы |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
97. |
Отырар оазисі ескерткіштерін реставрациялау, жаңғырту, консервациялау (үлкен мешіт, қаланың бас қақпасы, «Хамам» шығыс моншасы X ғ., және Отырар қалашығының т.б. ескерткіштері) |
ескерткіштерді реставрациялау, жаңғырту және консервациялау |
МСМ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі |
2015 жыл бойы |
008 «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін жаңғырту, салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 22 200,0 |
РБ |
98. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1180 қаулысымен. |
|||||
99. |
Ақыртас сарай кешенінде реставрациялау жұмыстарын жүргізу VII-VIII ғғ, (екінші кезең) Жамбыл облысы |
ескерткіштерді реставрациялау |
МСМ, Жамбыл облысының әкімдігі |
2015 жыл бойы |
008 «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін жаңғырту, салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 22 000,0 |
РБ |
100. |
Баласағұн (Батыс Түрік қағанатының астанасы) сарай кешенінде реставрациялау жұмыстарын жүргізу |
ескерткіштерді реставрациялау |
МСМ, Жамбыл облысының әкімдігі |
2015 жыл бойы |
008 «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін жаңғырту, салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 16 300 |
РБ |
101. |
Алаша хан кесенесін реставрациялау, ХІ-ХІІ ғғ, Қарағанды облысы |
ескерткішті реставрациялау |
МСМ, Қарағанды облысының әкімдігі |
2015 жыл бойы |
008 «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін жаңғырту, салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 6 887,0 |
РБ |
102. |
Жошы хан кесенесін реставрациялау, ХІІ ғ. бірінші жартысы, Қарағанды облысы |
ескерткішті реставрациялау |
МСМ, Қарағанды облысының әкімдігі |
2015 жыл бойы |
008 «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін жаңғырту, салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 12 000,0 |
РБ |
103. |
Сарайшық қалашығы археологиялық ескерткіштерін реставрациялау және консервациялау, XI-XIV ғғ, Атырау облысы |
ескерткіштерді реставрациялау және консервациялау |
МСМ, Атырау облысының әкімдігі |
2015 жыл бойы |
008 «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін жаңғырту, салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 6 600,0 |
РБ |
Ескертпе:
*Шығыстар:
тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатын қайта бөлу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлу;
демеушілер қаражатын тарту жолымен нақтыланатын болады
** Іс-шара қаржыландыру көзі бойынша мәселе шешілген жағдайда өткізілетін болады
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
РММ ОКҚ – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі
ҚХА – Қазақстан халқы Ассамблеясы
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар
ДҚҚ – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
РБ – республикалық бюджет
ЖБ – жергілікті бюджет