"Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 187 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 89 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 187 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29
қарашадағы № 187 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 187 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 74-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада Алматы облысының аумағында орналасқан.
      АЭА логистикалық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
      АЭА-ның аумағы 4591,5 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;
      4-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес қойма және әкімшілік ғимараттарын салу болып табылады.»;
      2) көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2015 жылғы « »  
№ Жарлығына    
ҚОСЫМША      

«Қорғас – Шығыс қақпасы»
арнайы экономикалық 
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША       

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының
ЖОСПАРЫ

      

Р/с № Негізгі аймақтардың атаулары Ауданы, га

1.

«Құрғақ порт» көлік-логистикалық кешені

294,00

2.

Логистикалық аймақ

189,40

3.

Индустриялық аймақ

230,40

4.

Резервтік аумақ

3 877,70

Жиыны:

4 591,5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады