"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 наурыздағы № 113 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының жұмысын үйлестiру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
      2. Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының 1997 жылғы 5 қыркүйектегі жарғысына сәйкес Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының Мемлекетаралық үйлестiру кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Талғат Болсынбекұлы Қазанғап енгiзiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Сәкен Сейітжаппарұлы Сәрсенов Қазақстан Республикасының Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының жалпы жиналысындағы өкілетті өкілі болып бекітілсін.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады