"Жоғары оқу орындарын жаңғырту мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 655 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 134 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 61 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2016 № 61 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жоғары оқу орындарын жаңғырту мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 655 қаулысын мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен құрылған Жоғары оқу орындарын жаңғырту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
      мына:
      «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары»;
      мыналар енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі;
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
      Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының вице-президенті (келісім бойынша);
      көрсетілген құрамнан Серік Мәуленұлы Өмірбаев, Зарема Кәукенқызы Шәукенова, Рахман Алшанұлы Алшанов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады