"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы" және "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ноталар алмасу нысанындағы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 171 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 40 және № 41 қаулыларымен енгізілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арасындағы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін жүктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ноталар алмасу нысанындағы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады