Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 197 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы теңгерімдік құны 62924908 (алпыс екі миллион тоғыз жүз жиырма төрт мың тоғыз жүз сегіз) теңге тұратын «Тараз қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» инвестицияларының негіздемесі бойынша құжаттама «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен Жамбыл облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен және Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 197 қаулысына    
қосымша       

«Тараз қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» инвестицияларының негіздемесі бойынша құжаттама

р/с

Құжаттаманың атауы

Құжат түрі

Дана саны

Парақ саны


«Тараз қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» инвестицияларының негіздемесі



4494

1.

1-том. Жалпы түсіндірме жазба, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау/қайта өңдеу

кітап

3

1140

2.

2-том. Жалпы түсіндірме жазба, ЭӘӘБ (Экономикалық және әлеуметтік әсерді бағалау)

кітап

3

558

3.

3-том. Жалпы түсіндірме жазба, Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау (ҚОӘАБ)

кітап

3

723

4.

4-том. Графикалық материалдар

кітап

3

615

5.

5-том. Жиынтық сметалық есеп айырысу

кітап

3

105

6.

6-том. Сметалық есеп айырысу

кітап

3

783

7.

7-том. Қосымша (шығыс-рұқсат беру құжаттары)

кітап

3

372

8.

Прайстар. (Негізгі және баламалы нұсқасы) (көшірмесі)

кітап

4

198

9.

2014 жылғы 20 тамыздағы № 08-0179/14 мемлекеттік сараптама қорытындысының түпнұсқасы


1

45

10.

Тараз қаласы бойынша инвестициялар негіздемесі жобасының электрондық нұсқасы

диск

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады