Салық салынатын табысына Салық кодексінің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы)өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын жеңіл және жүк көлік құралдарына қажеттілік нормативтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 315 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 110 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.03.2019 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған салық салынатын табысына Салық кодексінің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын жеңіл және жүк көлік құралдарына қажеттілік нормативтері бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 315 қаулысымен
бекітілген

Салық салынатын табысына Салық кодексінің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын жеңіл және жүк көлік құралдарына қажеттілік нормативтері

      Көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын жеңіл және жүк көлік құралдарына қажеттілік нормативтері:

      1. Шаруа немесе фермер кожалығының басшысы және (немесе) мүшелері:

      1) қозғалтқыштың 2500 текше сантиметрге дейінгі көлемін қоса алғанда, бір шаруа немесе фермер қожалығына бір жеңіл автомобильден;

      2) бір шаруа немесе фермер қожалықтарына 1:1 қатынасты сақтай отырып 1000 гектар егістікке (шабындықтарға, жайылымдарға) қозғалтқыштың шектік жиынтық қуаты 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері;

      2. Салық кодексінің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі қолданылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші - заңды тұлғалар:

      1:1 арақатынасын сақтай отырып, 1000 гектар егістікке (шабындықтарға, жайылымдарға) қозғалтқыштың шекті жиынтық қуаты 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері.

      Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша көлік құралдарының саны 0,5 мәнінен бастап жоғары біреуден көп бірлікті құрайтын жағдайларда, мұндай мән тұтас бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды.

      Мынадай жағдайда, егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомобильдерінің саны бір бірліктен кем болған кезде, қозғалтқыштың қуаты барынша төмен бір жүк автомобилі босатылуға жатқызылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады