Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 316 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 110 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.03.2019 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 365-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесі 6екітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 316 қаулысымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар.

      2. Ветеринария қызметінің автомобильдері.

      3. Автозообиологиялық зертханалар.

      4. Автожемтасығыштар.

      5. Автотиеуіштер.

      6. Дән сепкіштерге автоқұйғыштар.

      7. Тыңайтқыш енгізуге арналған автомашиналар.

      8. Ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуіштер.

      9. Тең штабельдерін автотасымалдауыштар.

      10. Автоулыжемшашқыш.

      11. Пәлекжинағыш машиналар.

      12. Ауыл шаруашылығы АН-2 әуе кемесі.

      13. Өздігінен жүретін дестелегіштер.

      14. Астық жинағыш комбайндар.

      15. Доңғалақты тракторлар, өздігінен жүретін шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар.

      16. Мал азығын жинағыш комбайндар.

      17. Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі автомобиль-шеберханалар.

      18. Өздігінен жүретін шеп шапқыштар.

      19. Маялағыштар.

      20. Жинағыш комбайндар (тамыржемістілерді, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады